Қырғызстанның қауіпсіздік қызметі сол елдегі Жамғыр кен орнын игеріп жатқан Vertex Gold компаниясының иегері, қазақстандық кәсіпкер Владимир Жұманбаевқа іздеу жариялады. Арнаулы қызмет ол былтыр қазанда өлтірілген, қылмыс әлеміне танымал Қамшы Көлбаевпен жақын араласып, ай сайын ірі көлемде ақша аударып отырған дейді. «Қазақмыс Холдинг» компаниясы Жұманбаевтың ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоғын айтып, кәсіпкер тергеу ісіне көмектесуге дайын деп мәлімдеді.