Журналист Джошуа Кучера «егер Гиннестің рекордтар кітабына «ашылу салтанатына ең көп мемлекет басшылары келген сауда үйін» тіркеу керек болса, онда Астанадағы «Хан шатырын» ойланбай ұсынуға болады» деп жазады Slate журналында.
Шілденің соңғы екі күнінде Қашқар қаласында болған шабуылдардан кемінде 19 адам қаза тапты деп жазады батыс ақпарат құралдары. Қытай билігі бұл жолғы шабуылды Пәкістанмен шекаралас аймақтағы ислам лагерлерінде жаттыққан жергілікті ұйғырлар жасады деп отыр.
Startfor ұйымы Норвегияда шабуыл ұйымдастырған Андерс Брейвиктің атынан интернетте жарияланып кеткен манифест пен күнделікке талдау жасапты. Брейвик 2110 жылға қарай Еуропаны мұсылманнан біржола тазарту жоспарын құрған.
Қазақстан президентінің денсаулығына қатысты оның кеңесшісінің мәлімдемесі елдегі шетелдік инвесторларды алаңдата бастады деп жазады Reuters.
EurasiaView басылымының журналисі Джошуа Кучера өз блогында Қазақстан мен Түркіменстан АҚШ иммиграциялық қызметінің ерекше тізіміне ілінгенін жазады.
Қазақстандағы көппартиялы парламент кұру үрдісі әлеуметтік наразылықтарды күшейтіп жіберуі ықтимал деп жазады EurasiaView басылымы шілденің 14-і күнгі санында.
«Austrian Times» басылымы ел прокуратурасының Қазақстанның Венадағы бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қатысты тексеру бастағанын жазады. «Profil» журналына сұхбат берген бұрынғы елші Нұрсұлтан Назарбаевты «нағыз кісі өлтірушінің өзі» деп атапты.
Foreign Policy журналының редакторы ғасырлар бойы өзгермей келе жатқан өнер адамдары мен диктаторлардың қарым-қатынасы жайында жазады.
Қорғаныс саласында ынтымақтастық орнатқан Ресей мен Қазақстан "араб көктемінен" кейін жаңаша әскери жаттығу өткізе бастады. «Шығыс-2011» әскери жаттығуы бірқатар сұрақ туғызды деп жазады Jamestown қоры маусымның 29-ы күнгі санында.
Foreign Policy журналы маусымның 27-сі күнгі санында әлемдегі ең қауіпті деген жанжал ошақтарын тізіп шығыпты. Журналдың жазуынша, олардың кейбірі уақытша тыншып, өзінің «жарылу» уақытын күтіп жатыр.
«Форбс» журналы АҚШ Орталық барлау басқармасы мен Федералдық тергеу бюросына сілтеме жасай отырып, дүние жүзіндегі ең қауіпті деген 10 қылмыскерді жариялады. Соның бірі – «Тайваньчик» лақап атымен танымал Алимжан Тохтахунов.
Дүние жүзіндегі металл өңдеу және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ірі корпорациялардың бірі ENRC-дің қызметіндегі көлеңкелі тұстар көріне түсті деп жазады Financial Times басылымы маусымның 23-індегі санында.
Джон Хитершоу мен Ник Мегоран атты америкалық ғалымдар "Қауіптілікке қарсы тұжырым: Орталық Азия бойынша саясаткерлер мен ғалымдарға арналған жаңа күн тәртібі" атты зерттеуін жариялады.
Мәскеу нәсілшілдкпен күресу үшін ксенофобияға қарсы жаңа бағдарлама дайындады. Бұл қадам өткен жылдың желтоқсанындағы ұлтшылдардың тәртіпсіздігіне қатысы бар әсіре оңшыл топқа тыйым салынғаннан соң жасалып отыр.
National Interest журналы «Құрылғанына он жыл толатын ШЫҰ жайында не айтуға болады? Кейбіреулер «НАТО-ға қарсы құрылым» деп атайтын ШЫҰ қазір қандай деңгейде? ШЫҰ-ның АҚШ-пен қарым-қатынасы қандай?» деген сұрақтарға жауап іздейді.
New York Times газеті маусымның 9-ы күнгі санында бірқатар диктаторлар тақтан тайдырылып жатқанда өзгелерінің орнында қала беру себебіне үңіліпті. Басылымның жазуынша өміршең автократтардың үш түрі бар.
Ұлыбританияның Guardian («Гардиан») газеті араб әлеміндегі революциялардан соң араб қоғамындағы әйелдердің әртүрлі бейнесі көріне бастағанын жазыпты.
Қырғызстанның оңтүстігінде болған қырғынға бір жыл толса да, халықаралық ұйымдар мен қырғыз үкіметі бір-біріне «Кім кінәлі?» деген сұрақ қойып отыр.
Халықаралық адам құқын қорғау ұйымдары Қазақстан билігінің босқын мәртебесін сұрап келген өзбекстандық 32 азаматының өтінішін қабылдамай, оларды экстрадициялау шешіміне наразылық білдірді.
Reuters («Рейтерс») басылымы маусымның 5 күнгі санында Йемен президентінің биліктен кететінін жазыпты. Мемлекеттің ендігі жағдайы Сауд Арабиясы мен елдегі бәсекелес саяси топтардың іс-қимылына тәуелді болмақ.
Тағы