Қаңтардың басында Қазақстанда болған дүрбелең президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігіне қауіп төндіргенімен, қазір ол күшін нығайтқанға ұқсайды. Бірақ билікті сақтап қалу үшін қабылдаған шешімдері халықтың оған сенімін азайтқан сыңайлы.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қауіпсіздік қызметін қайта құрмақ. Қаңтардың басында болған наразылықтар кезінде елдегі ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің президентке қарсы жұмыс істегені айтыла бастаған еді.
Қазақстанда қақтығыстар легі басылып, президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікті қолына алғанға ұқсайды. Енді нысанаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның туыстары ілінетін көрінеді.
Қазақстанда бірнеше күнге созылған жаппай тәртіпсіздіктен кейін билік наразылықты қатаң басып-жаншуға кірісті. Режим ішінде билікке талас жүріп жатқандай нышандар байқалады. Тартыс президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев арасында жүріп жатқан болуы да мүмкін.
Орталық Азия Ресей, Қытай, Түркия, Иран мен Ауғанстан секілді елдердің ортасында жатыр. Олардың бәрі бұл аймаққа қалай да болсын ықпал етуді көздейді. Осы үрдіс аймақтағы бес елге қалай әсер етеді?
Қырғызстанда жұрт қуаңшылық кезінде Қазақстанға су берген билікке ашулы. Олар өздері сусыз қалғанда биліктің мұндай жомарт болуының себебін түсінбей аң-таң.
1 желтоқсанда Қырғызстанда "Ата Мекен" оппозициялық партиясының лидерін ұрып кетті. Ол сайлаудың алдын ала нәтижесін мойындамайтынын айтқан. Күдікті қамауға алынды. Бірақ оқиға орнында түсірілген видео мұның жоспарлы түрде ұйымдастырылғанын көрсеткендей.
Былтыр Қырғызстанда парламент сайлауы наразылыққа ұласып, билік орнынан кеткен еді. 28 қарашада елде сол сайлау қайта өтпек. Қырғызстанда осы бір жылда не өзгерді?
Қырғызстан көрші елдерден электр энергиясын импорттап, проблемасын ішінара шешкендей болды. Бірақ мәселе мұнымен шешілген жоқ, қыстың беті қатты, шешілмеген проблема көп.
Ауғанстанда тәліптердің билікке келуі Орталық Азия елдерін қауіпсіздік мәселесіне алаңдатып қойды. Өйткені азаматтары "Талибан" қозғалысына кіріп жатыр. Билік олардан өз елінде жиһад жасай ма деп күдіктенеді. Ташкент оның алдын алуға кірісіп кеткендей.
Қыс түспей жатып Орталық Азияда электр энергиясы тапшылығы байқалды. Бұл аймақтағы елдердің биліктері тәуелсіздік алған соң энергетика секторына қыруар қаржы бөлген. Соған қарамастан электр жарығының неліктен ауық-ауық сөніп қалатынын түсіну қиын.
Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы парламент спикерін депутаттыққа кандидат ретінде тіркемей қойды, бірақ сот комиссияның бұл шешімін жойып тастады. Сарапшылар мұның саяси астары бар дейді.
Жақында Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Тәжікстанмен жер алмасуды ұсынып, көбін аң-таң етті. Оның сөзінше, қырғыз-тәжік шекарасы төңірегіндегі дауды осылай шешуге болады.
Өзбекстанда президент сайлауы өтіп, Шавкат Мирзияев екінші мерзімге сайланды. Оның бұл жеңісі ешкімді таң қалдыра қоймады. Өзін "реформатор" етіп көрсететін, бірақ бірінші мерзімдегі сайлауалды уәделерін әлі орындамаған президент енді не істейді?
24 қазанда Өзбекстанда президент сайлауы өтеді. Онда Шавкат Мирзияевтың қайта сайланатыны алдын ала белгілі. Екінші мерзімге сайланбақ ниеті бар президент сайлауалды уәдесін орындай алды ма?
Түркияда тұратын түркімен белсенділер Ашғабаттағы авторитар режимді жиі сынайды. Түркіменстан билігі оларды жуасыту мақсатында түрлі амал қолданып жатқан тәрізді.
Қырғызстан мен Өзбекстанда ауа температурасы 0 градустан төмендеп, Қазақстанның солтүстігінде қар жауды. Шенеуніктер халықтың жылу мен жарық қажетін өтеу үшін тағы да көмірге жүгінетінге ұқсайды. Орталық Азияда газ бен су энергиясы тапшы. Халық қыста не істейді?
5 қазанда Түркіменстан мен Өзбекстан президенттері кездесіп, Ауғанстан мәселесін талқылады. Кейінгі жылдары бірнеше рет кездескен екі президент Ауғанстанға қатысты ұқсас саясат ұстанады, ортақ мүддесі де бар.
Қырғызстанда бұған дейін екі парламент сайлауы революцияға ұласып, екі президент орнынан кеткен еді. Алда тағы бір парламент сайлауы келе жатыр. Науқан алдыңғыларының тағдырын қайталай ма?
Тағы