Жиһаз шығаратын швециялық ірі компания IKEA фирмалық тефтель сатуды уақытша тоқтатты. Даудың басы - тағы да жылқы еті.
Грузиядағы сайлауда жеңіске жеткен «Грузия арманы» партиясы оппозиция мүшелерін жауапқа тарту әрекетін «әділеттік орнату» деп атайды.
Мемлекет басшыларының туған күнін ұлттық мейрамға айналып жіберген елдер тізімінің басында Қазақстан тұр. Foreign Policy (FP) басылымында 19 ақпанда жарық көрген мақала осы тақырыпқа арналған.
Foreign Policy басылымында ақпанның 18-і күні жарық көрген мақала осы тақырыпқа арналды. Автор Қазақстанның «өз көктемінен» қалай құтылатынын да жазған.
Bloomberg агенттігі StatOil компаниясының Каспий теңізіндегі қазақстандық мұнай өндіру жобасынан шығатынын мәлімдегені туралы жазды.
АҚШ-Ресей қатынастарының тарихы екі ғасырдан асты. Екі елдің қауіпті бәсекелес екенін әлем біледі. Америкалық саясаттанушы Лурье осы тақырыпқа мақала арнапты. Онда Қазақстанның болашағы туралы да жазылған.
Eurasia View басылымы «2014 жылы АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарған соң не боларын ешкім білмейді» дейді. Мақала авторы «Орталық Азияда демократия ешқашан дамымайды» деген сарапшылар пікірін де келтірген.
Қазақстанда 2013 жылы ақпан айының аяғында Иранның ядролық мәселесіне байланысты халықаралық келіссөздер өтетін болды.
Татарстан арнайы комиссия тағайындап, қоғамдық сайыс жариялаудың арқасында сөзі бар әнұранға ие болмақ. Комиссия мүшелері ең ауыр міндет екі ресми тіл – татар мен орыс тілдерінің теңдігін сақтау болғанын айтады.
"Туған перзентіне қол жұмсаған" уағызшының ісі мен «қыз балалар туа сала жүзін жауып жүрсін» деген молданың сөзі Сауд Арабиясында қоғамдық қарсылық тудырды.
Әміршіл жүйе басшылары да әлеуметтік желілерді пайдалана бастады. Олардың кейбірі тек саяси көзқарасын ғана емес, жеке өмірлері туралы да жазады.
Әзербайжанның танымал жазушысы Акрам Айлисли армяндарды жақсы жағынан сипаттап жазған романы үшін сынға ілікті.
Reuters-дің жазуынша, ірі активке ие италиялық UniCredit банкі қазақстандық АТФ банкті Алматы әкімі Ахметжан Есімовтің күйеу баласы басқаратын фирмаға сатпақшы.
Халықаралық Human Rights Watch ұйымы 2012 жылға арналған есебін жариялады. Бұл есепте Қазақстандағы жағдай да кеңінен қамтылған.
Соңғы 12 жылда алтын бағасы тоқтаусыз өсіп келеді. Әлемдегі орталық банктер қазір алтын сатып алған тиімді деп есептейді.
«Ғасырлар бойы мүлгіп келген ислам әлемі қайтадан ғылымға шындап бет бұрды» деп жазады The Economist басылымы.
The Wall Street Journal («Уолл Стрит Жорнал») ақпанның 16-сы күні Қытай экономикасы туралы мақала басты. Онда шетелдік инвесторлардың Қытайдан көңілі қала бастағаны айтылады.
Stratfor Commentary сараптама орталығы қаңтардың 16-сы күні «Екі жылдан соңғы «Араб көктемі» деген мақала жариялады. Онда халық толқулары болған бес елдің қазіргі жағдайына талдау жасалған.
Eurasia View басылымы өзбек билігінің жастарды жаппай аңдып, бақылап отырғанын жазады. «Өзбек билігі осы орайда заңдар шығарудан жалығар емес, бірақ олардың іске асып жатқаны шамалы» дейді басылым.
Шетелдік басылымның жазуынша, «Қазақстанда билікті қолға алуға ұмтылатын ықпалды тұлғалар бар. Бірақ Назарбаевтың кландық бәсекені реттеп отыруы биліктің ауысуын қиындатып жіберген».
Тағы