Олимпиада ойындарының кезегі Афин қаласындағы салтанатта Пекинге тапсырылған кезеңде Қытайдағы адам құқықтарының мәселесі тағы ортаға салынып отыр. Бұл жерде ең алдымен Тибет мәселесіне дабыл қағылып жатыр. Тибетті қолдау жөніндегі халықаралық ұйым Халықаралық Олимпиада комитетіне, әлем елдерінің үкіметтеріне, үкіметаралық ұйымдарға қайырылып, Қытай үкіметіне сөз салуға шақырды. 2008 жылғы Олимпиада ойындары Қытайда өтетін болса, Қытай Тибетке қатысты баяғы үәделерін орындасын, халықаралық қауымдастық ресми Пекинді осыған мәжбүрлесін деген үндеу айтылды.