1991 жылдан бері Кеңестер Одағының құрамында болған республикаларда жиырмаға жуық еуропалық, әлемдік және олимпиадалық жарыстардың жүлдегерлері мен чемпиондары қылмыскерлер қолынан қаза тауыпты.
Соңғы жарты жылда бағасы тоқтаусыз өскен «қара алтынның» құны осы аптада бірден 3 пайызға арзандады. Әлемдік нарықтағы бұл жағдайды әркім әр саққа жүгіртуде.
Бейсенбідегі газеттерде Қазақстан мен Қытайдың арасында құбыр құрлысының басталғаны, сондай-ақ, Қырғызстанда ВИЧ инфекциясын жұқтырған бала саны 75-ке жеткені баяндалыпты.
Алтыншы тамызда Назарбаевтың Моңғолияға сапары басталды. Президенттің бұл сапары туралы ресейлік басылымдардың жазғандары мен қазақстандық сарапшылардың пікірлері қарама-қайшы.
Қазақстанда энергия тапшылығы айқын көрініс бере бастаса да, дәл қазір бұл салада ешқандай дағдарыс жоқ. Дегенмен, мамандардың айтуынша, биылғы қыста энергия жетіспеушілігі байқалатын болады.
Сәрсенбі күні шыққан басылымдарда АҚШ-та қорғаныс доктринасының жаңартылғаны және Рахат Әлиев тартып алды деп айтылып жүрген «Кеңдала» бизнес орталығының қожайынына қайтарылғаны айтылыпты.
Таяуда «Маңғыстаумұнайгаздың» 51 пайыз акциясын «ҚазМұнайГаз» сатып алғанан кейін, оның қалған 49 пайыз акциясына бірқатар шетелдік компаниялар да қызығушылық білдірген болатын.
Екінші тамыз күні Алматы қаласының әкімшілігінде Кәрім Мәсімов үлескерлермен кездесіп, олардың мәселесін шешу үшін жиналысқа қатысқан бірқатар министрліктер мен мекеме басшыларына тапсырма берді.
Сейсенбі күні шыққан басылымдарда Қытайдың Қашы елдімекенінің тұсындағы шекара бекетіне қарулы шабуыл жасалғаны айтылыпты. Сондай-ақ, тыңшылықпен айналысқан қазақстандық екі азаматтың сотталғаны жазылыпты.
Бүгін Алматыда белгілі журналист, жазушы Мадат Аққозиның «Вернуть из забвения» деп аталатын кітабының тұсау кесері болып өтті.
Сенбі күні шыққан басылымдарда 4 қазан күні Сенат депутаттарының сайлауы өтетіндігі айтылыпты. Сондай-ақ, кеше «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы ғимаратының алдында 100 жуық адамның пикет өткізгені жазылыпты.
Қазақстанның түрмелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп отырғандардың арасында ВИЧ/СПИД дертіне шалдыққан адамдардың қатары жыл өткен сайын өсіп жатыр.
Жұма күнгі басылымдарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалған ақша жасаумен айналысқан адамдарды құрықтағаны жазылыпты. Сондай-ақ, Алматыдағы заң академиясының жабылып қалғаны баяндалыпты.
Бейсенбілік басылымдарда Назарбаевтың Испания королімен кездескені, сондай-ақ, Рахат Әлиевке қарсы тағы да бір қылмыстық істің қозғалғаны баяндалыпты.
28 шілде күні Өзбекстанның трансшекаралық «Достық» каналынан Қазақстанға келетін судың мөлшері қысқарып, келіссөзде көрсетілгендей секундына 85 текше метрдің орнына 65 текше метрге дейін түсіп кетті.
Сәрсенбі күнгі басылымдарда Иранға жасалып жатқан қысым тоқтатылмайтын болса, мұнай бағасының 500 долларға жететіндігі және қазақстандық түрмелерде отырғандардың арасында ВИЧ дертіне шалдыққандардың саны 1791-ге жеткені жазылыпты.
Мамандар Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы мал санының бірнеше есеге азайып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр.
Сейсенбі күнгі басылымдарда полицейдің автокөлік иесін өртеп жібергені айтылыпты. Сондай-ақ, президенттің екінші күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың БҰҰ-ның «жол жүру төлқұжатына» ие болғаны жазылыпты.
Бүгін дәрігер Сағи Бейсембеков осыған дейін «Литер» газетінің тілшісі Зарина Нокракбекованың «мені зорламақ болды» деп айтқан сөзінің шындыққа жанаспайтындығын мәлімдеді.
Тағы