Ресейде Жеңіс күні мерекесі қарсаңында екінші дүниежүзілік соғыстағы ерлікті дәріптеу шараларынан балаларды да шет қалдырмайды. Алайда тым шектен асып кеткен жайттарды жұртшылық сынға алып, әжуа-мысқылмен түйрейді.
Өзбекстан тұрғындарының оңтүстіктегі Ауғанстан жақтан зымыран гүрлісін естімегендеріне бірер жылдың жүзі болған еді.
Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстанда қызу пікірталас тудыратын бір тақырып болса, ол – жер мен Қытай мәселесі. Қытай қазір-ақ Орталық Азиядан жер жалдап, онда ауыл шаруашылығымен айналысып жатыр, бұған халықтың бір бөлігі наразы.
Қырғызстан биыл патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы қырғыз халқының ұлт-азаттық көтерілісі мен елге қасірет әкелген Үркіннің 100 жылдығын атап өтпек.
2014 жылы маусымда Әбу Бәкір әл-Бағдади Ирактың Мосул мешітінде Ислам «халифатының» құрылғанын жариялаған сәтте құрылымның мемлекетке тән атрибуттары бар еді.
Тәжікстандағы Куляб аймағы басшылығы экстремистер ошағы деп сезіктенген заңсыз мешітті тұрғын үйге айналдырып, оны баспанасыз жүрген жалғызілікті анаға берді. Ал мешітті өздері салып, сонда құлшылық етіп келген жергілікті тұрғындар бұған наразы.
ИМ тобы соңғы айларда Сирия мен Иракта бақылауындағы бірқатар аймақтан айырылған. Экстремистер Таяу Шығыстан тысқары жерде де шабуылдар жасап, идеологиясын қару ретінде пайдалануға тырысады.
Рио олимпиадасына бірнеше ай ғана уақыт қалды. Ал Ресей допинг дауы кесірінен жарыстан шеттетілген спортшыларын жазғы олимпиада ойындарына қатыстыру үшін халықаралық мекемелер шешімін өзгертуге тырысып жатыр.
Қырғыз ауылының тұрғындары Сириядағы содырлармен байланысы бар деген отбасын «жер аударуды» талап етіп отыр.
Жақында Freedom House өтпелі кезеңдегі 29 мемлекеттің адам құқықтары ахуалын талдаған есебін жариялады. Бұл есепке Орталық Азиядағы бес мемлекет те кірген.
Шетелдіктерден ресейліктерге қандай баға беретіні жайлы сұрасаң, «бақытты халық» деп жауап беретіндері көп бола қоймас. Қайта олар «түксиген», «сұсты» я «салмақты» деп сипаттауы мүмкін.
«Жол ұзақ, Еуропа, күтпе бізді!» - сербтердің әйгілі әншісі Джордже Балашевичтің осы әні 1990-жылдар басында Югославияда жер-дүниені жаңғыртқан соғыс дүбірімен астасып кеткен еді. Енді Путиннің насихат машинасы сербтерге ЕО-ны жамандауды күшейтіп отыр.
Түрік журналистері босқындар дағдарысын шешу үшін Анкараның жәрдеміне сүйенетін Еуропа Одағы Түркиядағы баспасөз еркіндігінің жағдайына көз жұма қарайды дейді.
Тәжікстанның билік өкілдері жезөкшелерді кәсібінен жиренту үшін тегін курстар өткізе бастады.
Армения мен Әзербайжанның Қарабақтағы қақтығысы әлемнің бір түкпіріндегі кезекті бір жанжал болып көрінуі ғажап емес. Бірақ мұнда бірнеше елдің энергетикалық һәм әскери мүддесі тоқайласып жатыр.
Шығыны еселеп өсіп, іске қосылуы шегеріліп келген Ресейдің «Восточный» ғарыш айлағы бірер аптада алғашқы зымыран ұшырып, сынап көрмек. Бірақ айлақтың толық жұмыс істейтін күні алыс.
«Ислам мемлекеті» тобы қатарын толтыру үшін Сириядағы майдан алаңын «бала-шағамен тұруға ыңғайлы жер» деп дәріптеуге көшті. Олардың үгіт-насихаты Орталық Азия елдеріне бағытталған.
Брюссель тұрғындары әуежай мен метродағы жарылыстан соң ес жиып, қалыпты өмірге оралып жатыр. Ел полициясы террорлық актілерді ағайынды жанкештілер ұйымдастырғанын хабарлады.
Қазақстанда наурыздың 20-сында парламент мәжілісінің мерзімінен бұрынғы сайлауы өтті. Нәтижесі айқын науқан кезінде халықтың сайлауға ықыласы бәсең болды.
Мұнда қарулы адамдар көлікті аяқастынан тоқтатып, тінту жүргізеді. Маска кигендер адамды көлікке салып алып кетеді де, артынан мәйітін жібереді. Өзбекстанда полиция терроры күшейіп тұр.
Тағы