Соғысқа дейін Украина компаниялары ай сайын Қара теңіз арқылы шетке бес миллион тоннаға жуық бидай, жүгері, арпа және өзге дәнді дақыл жөнелтетін. Ресей соғыс бастағаннан кейін Қара теңіз жағалауындағы Украинаның бірқатар портты қаласын басып алғанымен қоймай, украин астығы саудасына бөгет қойды.