Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіне қарасты Иіркөл ауылындағы мектептің бірінші сыныбына биыл жалғыз бала барды. Қаладан 35 шақырым жердегі 23 үйлі бұл ауылда 150 адам бар. Ауылдың бастауыш мектебіндегі 10 оқушыға 3 мұғалім сабақ береді.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Жас отан» белсенділері пішен орудан жарыс ұйымдастырды. Жастар жиналған шөпті көмекке мұқтаж, тұрмыс жағдайы төмен отбасының үйіне түсіріп берді.
Арал ауданындағы Қамбаш көлінде туристерге қызмет көрсететін он шақты кәсіпкер Азаттыққа шағым айтты. Олардың сөзінше, жергілікті билік тиісті инфрақұрылым жасап бермей отыр.
Қызылордада апатты жағдайдағы жатақхана тұрғындары бүгіннен бастап далаға түнемек. Кірпіштер құлап, тұрғындар зардап шеккен.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы жеке қожалықтарда қой-ешкінің қырылып жатқанына ай өтті. Мамандар індеттің неден екенін білмей отыр.
Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қызылжар ауылының тұрғындары аудан орталығына бару үшін Сырдариядағы ескі паромнан өтіп жүр.
Қазгидромет Қызылорда өңірінде ауа температурасы +45 градусқа жетті деп хабарлады. Тұрғындар термометр көрсеткіші бұдан да жоғарыда болғанын айтады.
Қызылорда облысы Арал ауданы Шижаға ауылындағы дүкендердің бірінде Лениннің адам бойымен бірдей мүсіні бар. Дүкен иесі жергілікті биліктің «ескерткішті алып таста» деген ескертуіне қарамастан оны күтіп ұстап отырғанын айтады.
Азаттық тілшісі Қызылорда облысы Арал ауданына сапар барысында түсірген фотосуреттерін ұсынады.
Германиялық ағайынды Михаил және Роман Фитирерлер өздері туып-өскен Қазақстанға Еуропадан мотоциклмен жетті.
Қызылорда өңіріндегі Тұрмағанбет ауылының тұрғыны Зәріп Нысанбековтың шыны шөлмектерден салған моншасы.
Нышан Сексенов қос қолының кемістігіне қарамастан сағат жөндейді, көлік те айдайды. Ол ауыл малын кезекпен бағып еңбектеніп жүр.
Өздеріне тиесілі егістік жерге жете алмай жүргенін айтқан тұрғындар бұл іске аудандық әкімшілікті айыпты көреді. Ал аудан әкімі «кім болса да, маған жұмыс істегені жақсы» дейді.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында түрлі этнос өкілдерінің бір жас шамасындағы балаларының қатысуымен еңбектеуден жарыс өткізілді.
Қызылорда облысы Төретам кентіндегі 114-сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп жатыр.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы «Бұрымды бойжеткен» байқауына 8-11 сыныптарда оқитын 15 қыз қатысты.
Қазалы тұрғындары аудан әкімі Бақыт Жахановқа арнап күнделік ашып, оның жұмысына баға қойды.
Қазалы ауданының бір топ тұрғыны аудан әкімінің жұмысына баға беру үшін арнайы күнделік ашқан. Бұдан хабарсыз екенін айтқан әкімшілік «бірлі-жарым адамдардың қарсы болуын» қалыпты іс деп біледі.
Қызылорда облысындағы Жосалы кентіне қасқыр кіріп, ауыл тұрғындарын үрейлендірді.
Қызылордалық 9 балалы ана Шолпан Сайымованың жылусыз қалғанын Азаттық хабарлаған еді. Кейін үйіне әкімдік салып берген пештен ыс тиіп ауырған отбасы кеше ауруханадан шықты. Бүгін олардың Жаңа жылды қандай күйде қарсы алғандарын білдік. 31 желтоқсан 2014 жыл
Тағы