Астана студенттерін жаппай мәжбүрлі түрде "Сарыарқа" спорт кешенінде партия жеңісін тойлау дайындығына әкетіп жатыр. 17 наурыз 2016 жыл.
Саяси партиялардың сайлауалды теледебатына қатысқандар «уақыттың - тар, тақырыптың шектеулі болғанын» айтады. Ал кейбір көрермен «көңілге қонымды бір мәселе естімегеніне» наразы.
Мәслихат депутаттығына үміткерлікке тіркеле алмай қалған азаматтар табыс декларациясын толтырған кезде сүрінген. Ал декларацияны тапсыра алғандар сайлау комиссияларының кеңшілігіне разы.
Наурызда өтетін мәжіліс сайлауына алты партия қатысады. Азаттық тілшісі бұл саяси партиялардың басшылары негізінен «Нұр Отанның» бұрынғы мүшелері екенін анықтады.
Мәжіліс сайлауына түсіп жатқан «Бірлік» партиясы төрағасы Серік Сұлтанғали елге аса танымал емес. Кезінде екі партия бірігуінен құрылған «Бірлік» сайлауға бар болғаны сегіз кандидат ұсынды.
Бүгін Астана қаласының Сарыарқа аудандық 2-сотында бір айдан бері жүріп жатқан «Таблиғи жамағат» ісі бойынша үкім шықты. Сотталған бес адамның жақындары «олар ешкімге жамандық жасаған жоқ» дейді.
Парламент сайлауына түсіп жатқан «Ауыл» партиясының жетекшісі Әли Бектаев Қазақстан президентіне өлең арнаған ақындығымен ерекшеленеді.
Оразақ ауылындағы қоспәтерлі бір үйді салуға 8 миллион теңге жұмсалса, Астанадағы жылытқышы бар бір аялдаманың өзі 10 миллион теңгеге салынған.
Үйеңкі шыбығынан түрлі бұйым тоқитын мүмкіндігі шектеулі жандар "елдегі қаржы дағдарысы кәсібімізге кесірін тигізбесе екен" дейді.
"Бірлік" партиясы кезектен тыс 2-құрылтайын өткізіп, парламент мәжілісінің ерте сайлауына 8 кандидат ұсынды. Партия төрағасы Серік Сұлтанғалиұйымының "сын айтып, жамандап қалуға тырыспайтынын, билікпен конструктивті түрде жұмыс істейтінін" айтты.
Қазақстан коммунистік-халықтық партиясы кезектен тыс өткен 10-құрылтайында парламент мәжілісі сайлауына қатысатын 22 кандидатын ұсынды. Жиында "Батыс мәдениеті мен капитализмін" сөккен пікірлер жиі айтылды.
Инвестициялар және даму министрлігі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап «интернеттегі заңға қайшы материалдар сот шешімінсіз бұғатталып жатқанын» хабарлады.
«Алауыздық қоздырды» деген айыппен сотқа тартылған азаматтық белсенді Болатбек Біләлов «кінәсін мойындап», үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын алды.
«Алауыздық тудырды» деп айыпталған құқық қорғаушы Болатбек Біләловтің адвокаттарының қайта сараптама жасату жайлы талаптары қабылданбады.
"Алауыздық тудырды" деп айыпталған құқық қорғаушы Болатбек Біләловтің сотына қатысқан азаматтар бүгінгі процестен шыға сала "сот дұрыс өтпей жатыр, соған билік назар аударуы керек" деп хат жазып, ол хатты Ақорданың алдындағы пошта жәшігіне апарып салды.
Астанада «алауыздық тудырды» деп айыпталған құқық қорғаушы, «Антигептил» тобының белсендісі Болатбек Біләловтің соты басталды.
Оразақтың оншақты тұрғыны селден құлаған үйлерінің есесіне сол ауылда жаңадан салып берген баспанадан бас тартқан. Жергілікті билік «тұрғындар жаңа үйді алмаса, басқа амалға көшетіндерін» айтады.
Үйден шықпай соғым алғысы келетіндер үшін интернет-соғым қызметі іске қосылды. Астана маңындағы ауылдарда ірі қара мал ұстайтындар «соғым байлау жыл сайын қиындап бара жатыр» дейді.
Мамандар Қазақстандағы еңбек мигранттарына қатысты заң жақсарғанымен, елде әлі де оларды «құлдықта ұстау» үрдісі үзілмегенін айтады.
Тағы