Президент Назарбаевқа жолыққысы келген оралман әйелді сегіз баласымен қоса полиция ұстап әкетті. Билік өкілдері олармен бірге Азаттық тілшісін де күштеп көлікке салып алды.
Астанада сал ауруын емдеу әдіснамасын таныстырған маманның курсынан соң дәрігерлер мен ата-аналар мұндай ҮЕҰ-лар өткізетін шараларға мемлекеттік қолдау қажет екенін айтты.
Терроризмді қаржыландыруға қатысты кейбір заңдарға өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Азаттықа берген сұхбатында сенатор Бақтыбай Шелпеков кең таратып айтып берді.
Назарбаев университетінің ғалымдары жасап шығарған күннен электр қуатын өндіретін алғашқы қондырғы екі жыл сынақтан өтсе, сатылымға шығарылмақшы.
Астанада SunPower Oasis C-7 деп аталатын күн энергетикалық қондырғысының ресми тұсаукесері өтті.
Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешіті мұқтаж азаматтарға жәрдемдесті. Тұрғындардың кейбірі «берген ақшаң мұқтаж жандарға жетіп жатса, өзіңе де, мешітке де сауап» дейді.
Астанадағы "Әзірет Сұлтан" мешіті қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, 150-дей отбасыға көмек көрсетті.
Астанадағы Қазақ музыкалық драма театрының әртісі Нұрсұлтан Есен саясатқа бала кезден қызықпаса да, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін сахнада ойнауды арман еткенін айтады.
Астанада қала күні - 6 шілде қарсаңында "Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана" фестивалі басталды.
Астанада Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы екі күндік конференция өтті. Жиынға келген сарапшылар экстремизммен күрес амалын, үкімет пен үкіметтік емес ұйымдардың ол іске байланысты әрекетін талқылады.
Астанадағы «Тамаша үй» тұрғын үй кешеніне инвестор ретінде қаржы құйған адамдар бүгін құрылыс басында жиын өткізді.
«Азбука жилья» құрылыс компаниясының жүз шақты үлескері Астанадағы компания ғимаратының алдына жиналып, наразылық шарасын өткізді. Олар "не уәделі үйімізді, не үлеске салған ақшамызды қайтарып берсін" дейді.
Қазақстанның Сириядағы экс-консулы Бабыр Дәуренбек Азаттыққа берген сұқбатында сыртқы істер министрлігімен арадағы дауы туралы айтты.
Азаттыққа сұхбат берген «Халықаралық адам институты» президенті Жанұзақ Әкім «киіктердің қырылуына Ресейдің «Протон» зымыран тасығышы апаты себеп болды» деп болжайды.
АҚШ-та білім алған әскери мамандар Қазақстанның қорғаныс саласында жұмыс істегісі келеді. Мамандар мұндай жастардың білімін пайдалану қажет дейді.
АҚШ елшілігінде Вест-Пойнт әскери академиясын бітірген Мақсат Нұғманов пен ол академияға оқуға түскен Владислав Гогуляны құттықтау салтанаты өтті.
Қазақстандық зерттеу тобы жүргізген әлеуметтік сауалнама бойынша, қытай қазақтары өз отанын Қытай деп біледі. Сөйте тұра, олардың басым көпшілігі Қазақстанда тұрғысы келеді.
Париждегі қазақтардың футбол командасы Қазақстанда жолдастық кездесулер өткізіп жатыр. Парижде тұратын қазақ жастары "мұндай кездесу отанымызды тануға, қазақ тілін үйренуге септеседі" дейді.
Қырғызстанда ерлі-зайыптылардың ажырасуы көбейе бастаған. Қазақстан болса, әлемдегі алғашқы ондыққа кірді. Мамандар оның өзіндік себебі бар екенін айтады.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, Қазақстандағы 254 мыңдай киіктің 85 мыңы пастереллез дертінен өлген.
Тағы