Сәрсенбі күні Шымкенттен келе жатқан жолаушылар автобусы қарсы кездескен жүк көлігімен соқтығысып, соның салдарынан отқа оранған автобустағы 10 адам жанып кеткен. Жүк көлігінің жүргізушісі де сол жерде жан тапсырған.
Қарағанды облысындағы АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесіндегі ішкі тәртіпке бағынбаған деген айыппен үстінен іс қозғалған Евгений Караушқа қатысты сот ісі жалғасып жатыр. Ал Карауштың жақтастары мен қорғаушысы бүгін осы түрмеде маусым айында қаза тапқан Максим Кожановтың өлер алдындағы хатын жария етті.
Қарағанды облысындағы Шахан елді мекенінде орналасқан «Березка» балабақшасында 22 бүлдіршін ішек дертіне шалдыққан. Ата аналары бұны балабақшадағы астан улану десе, балабақша әкімшілігі «ауру - мезгілді тұмау вирусының салдары» дегенді алға тартып отыр.
Қарағанды облысы Осакаров ауданындағы Есіл ауылында тұратын оралман қазақтар ауылдан 20 шақырым жердегі мектеп-интернатқа балаларын бергісі жоқ. Олар Есіл ауылындағы орыс мектебінен қазақ сыныптарын ашып беруді талап етіп отыр.
Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданына қарасты Талды кентінің маңынан біздің дәуірімізге дейінгі ҮІ-Ү ғасырдағы қорған табылды. Қазба жұмыстарынан табылған қорған ішіндегі алтыннан жасалған бұйымдар саны 40 - тан асады. Ғалымдар бұл ескерткіштерді Сақ дәуіріне жатқызып отыр.
Қарағанды облысындағы Күзембаев атындағы шахтадағы забойлардың бірінде болған апаттан екі кенші мерт болды. Осы забойда болған тағы екі адам ауруханада жатыр. Заң орындары шахтадағы апатқа байланысты қылмыстық іс қозғады.
АК-159/6 түзету мекемесіндегілердің соққыға жығылғаны туралы даулы бейнетаспадағы Карауш болғанымен, ондағы әрекеттің бәрі "спектакль" дейді прокуратура. Карауштың анасы түрмедегілерге қысым жасалуы мүмкін дейді.
Қарағанды түрмелеріндегі жазасын өтеушілерді ұрып-соғу оқиғасы деп бейнеленген бейнесюжетке байланысты дау әзірге тоқтайтын емес. Қамаудағылардың қамын қаузап жүрген Вадим Курамшинді сәрсенбіде полиция ұстады.
Қарағанды облысындағы АК 159/6 тәртіппен түзеу мекемесінің жазасын өтеушілері режимге қатысты наразылық білдіріп аштық жарияламақшы. Бұл туралы түрмелерде жазасын өтеушілердің құқығын қорғаумен айналысатын «Талмас» қоғамдық ұйымының өкілі Вадим Курамшин мәлімдеді.
Ғұмырының соңғы бірер айында Жершарының ең қарт тұрғыны атанған қарағандылық Сахан Досованың туыстары 9 мамыр күні жылын өткізіп, құран бағыштады. Екі бөлмелі пәтерде әженің өзінен тараған ұрпақтары ғана жиналып шүйіркелесті. Қарағандылық билік ол қарияның кім екенін де ұмытып қалған.
Қарағанды облысында жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарының үстінен сотқа 7 арыз түскен. Арыздарда талап етілген қаражаттың жалпы сомасы 37 миллион теңгеден асып жығылған.
Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның мәдениет қайраткері Серік Ақсұңқарұлының «Азаттық, неткен ғажап ең!» атты шығармашылық кеші телефон терроршысының кесірінен өткізілмей қалды.
"Қазақстан -Қарағанды" телеарнасының бір топ журналисі мемлекеттік компанияның қаржы-бағдарламалық ұстанымына тексеру жүргізіп, ұжымдағы ахуалдың ақ-қарасын анықтауды сұрайды.
Ұзаққа созылған қыстан соң орталық Қазақстандағы бірқатар елдімекендеріне көктемгі қызыл судың астына қалу қаупі төніп тұр. Тиісті қызметтер қыстайғы қалың қардан еріген және өзен мұзының бетіне жайылған су қатерінің алдын алу жұмыстарын атқаруда.
Қарағандының киім-кешек сатылатын орталық базарында Қазақстан туындағы кереге қанат қыран бейнеленген ерлерге арналған ішкиімдер сатылып жатыр. Қытайдың трикотаж фабрикаларының өнімдерін сатушы – Қарағанды базарын жаулап алған алыпсатарлар бұл тауарлардың арзандығы мен өтімділігін айтады.
Нүркен Мырзахановтың адам және жануар ағзасының лимфа жүйелерін зерттеу жөніндегі ғылыми жұмысы Ресейдегі халықаралық ғалымдар қауымдастығының жоғарғы бағасына ие болды. Оған биология және медицинаға сіңірген еңбегі үшін арнайы сыйлық тапсырылды.
Бейсенбі күні таңертең мекеме басшысы Мейрам Шәкіровке кеңсесінің маңында белгісіз біреу екі рет оқ атқан. Тергеушілер қаскүнем марқұмды тапсырыс бойынша өлтірген болуы мүмкін деген болжам жасап отыр.
Облыстық тілдерді дамыту басқармасының жұмыс аясы тағы да тексеріс нысанасына айналды. Прокуратура басқармадағы күдікті жемқорлық бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатса, басқарма бастығы Бақытқали Мұсабеков адвокатымен бірге өзінің ақтығын дәлелдеуге күш салатынын айтады.
Қарағанды қаласындағы орталық мешіт Құрбан айт аяқталған соң құрбандық малдарының етін жетімдер үйлеріне беріп, «Аялы алақан» деп аталатын қамқорлық акциясын өткізді. Биыл мешітке құрбандық шалған жамағаттан 200-дей ірілі-ұсақ малдың еті тапсырылған екен.
Қараша айының 20-22 аралығында дзюдо күресінен өткен Қазақстан чемпионаты мықтыларды анықтап берді. Енді олар 2010 жылы Алматыда өтетін әлем біріншілігіне дайындықтарын жалғастырып, шеберліктерін шыңдай түспек.
Тағы