Қарашаның 18-і күні таңертеңгілік Қарағанды қаласы орталығындағы «Казтелерадио» АҚ телехабар тарату мұнарасының басына бір ер адам «Помогите» деген жазуы бар жалаумен шығып алған. Оны құтқарушылар мен полиция үш сағаттан кейін ғана мұнара басынан түсірді.
Қарағандыда арқа өңірінің күміс көмей әншісі, Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Жүсіпбек Елебеков атындағы IV республикалық дәстүрлі әндерді орындаушылар байқауы болып өтті. Бас жүлдені Шет ауданының танымал әншісі Ардақ Мұқұшев жеңіп алды.
Қуаң жерлерді игеру бағдарламасын бірлесіп іске асыруды бастаған жергілікті және халықаралық қоғамдық ұйымдардың қолдауымен қарағандылық шаруа қожалықтары желдің күшімен жер астынан су сорып шығаратын құрылғыны пайдалануда.
Гефестің" үш жарым мыңнан астам жұмысшысы тамыздың айлығын әлі алмаған. Көмір өндірісі мекемелері қауымдастығының қызметкерлеріне еңбекақы қарызы 200 миллион теңгеден асып кеткен.
Қазақстандағы ең маңызды тарихи ескерткіштердің бірі – Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын зираттар реставрацияланып, Әлкей Марғұланның ісі жалғасын табуда.
Қыркүйектің 19-ы күні барша әдебиетсүйер қауым, Жаңаарқа жұрты жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбекпен қоштасып, мәңгілік мекеніне аттандырды. Ақселеу Сейдімбек 67 жасқа қараған шағында өткен сәрсенбіде кенеттен дүние салған еді.
Қыркүйектің 18-і күні Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры 78-ші театр маусымын жаңадан салынған ғимаратта Мұхтар Әуезовтың «Абай» трагедиясымен ашпақшы.
Қарағанды қаласында жол полициясы басқармасының қызметкері қала көшелерінде ғана емес, өз қызмет бөлмесінде де пара алумен айналысқан деген күдікпен ұсталып, тергеу абақтысына жабылды.
Қарағанды облыстық тілдерді дамыту басқармасында құжаттардың басым бөлігі тек орыс тілінде жүргізіліп келген, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту жұмыстарына бюджеттен бөлінген қаражат мақсатсыз жұмсалған дейді тексеріс жүргізген прокурорлар.
Қарағанды қаласындағы бизнес, басқару және құқық колледжінде директордың орнына бұрын заң алдында әкімшілік жауапқа тартылған адам келген. Жаңа басшы бірден ішкі оқыту жүйесін өзгерткен, ал ата-аналар келіспейтіндіктерін білдіріп дабыл қағуда.
Қазақтың Тайсоны атанған жап-жас боксшы Ермек 11 тамыз күні түске жақын ауруханада ауыр жарақаттан қайтыс болды. Талантты спортшыны дүйсенбі күні кешкісін Шахтинск қаласында белгісіз біреулер атып кеткен.
Сәрсенбі күні туған-туыс, дос-жарандары мен әріптестері Рустам Поповты ақтық сапарға шығарып салды. Жексенбінің түнінде «Тентек» шахтасындағы апатта қаза болған кенші жігіт, көзі тірі болғанда, шілденің 2-інде 31 жасқа толар еді.
Маусымның 28-інде 23 сағат 15 минутта Шахтинск қаласындағы Тентек шахтасында тереңдігі 300 метрге жуық лавада көмір қабаты құлап, улы метан газы жайылған. Лавада қалған 4 кеншінің 3- уі қаза болды.
Қарағандылық Тере Байылданы адам жалдап өлтіртіп, пәтерін иемденбек болған қылмыскер былтыр ұсталып 11 жылға сотталған. Ол жөнінде Азаттық радиосында жазылған еді. Сот шешімі бойынша зардап шегуші Тере Байылданың пайдасына 1 миллион теңге моралдық өтем өндірілуі керек еді. Бірақ ол шешім орындалар емес.
Прокуратура АРТ телеарнасы эфирден ұлтаралық қақтығыс туғызатын мазмұндағы смс хабарлама таратты деген айыппен, оның қызметін тоқтатуды сұрап, сотқа жүгінді.
Прокурорлардың жоспарлы тексерісі мектеп деңгейіндегі жанжалға ұласты. Қарағандыда кейбір мектеп әкімшіліктері күнделікті қажетті тұрмыстық заттарды сатып алуға қаржы жетпегендіктен, мектеп асханасын түрлі той-томалақ, ас мәзірлерін өткізуге жалға беру арқылы жағдайдан шығып келген.
Наурыз айында 130 жасқа толған Сахан әжейді соңғы сапарға шығарып салуға ұрпақтары ғана жиналды. Марқұммен қоштасу Майқұдықтағы Балқажы мешітінде өтті. Планетаның қарт тұрғыны жаңа пәтерге кірген күні жамбасын жарақаттап, содан кейін-ақ оңала алмады.
130 жасқа толған қарағандылық Сахан Досова билік тарапынан бөлініп, бірақ құжаттары дайындалып үлгермеген пәтерде 19 күн жатып, дүниеден өтті. Жақындарының айтуынша, алғаш келген дәрігерлер тек ине салып кетсе, екінші рет олар жеткенше әжейдің демі үзілген.
Cәуірдің 22-сі күні сағат 14-тер шамасында Балқаш көлінде қайық аударылып, онда болған 6 адамның 4-уі суға батып кетті. Сол күннің кешінен бастап төтенше жағдайлар басқармасының судан құтқару қызметі суға кеткен екі кісінің денесін іздеп таба алмай жатыр.
Меморандумда такси жұмыскерлеріне ұрланған көлік, іздестірудегі қылмыскерлер, хабарсыз жоғалғандар туралы сонымен қатар орын алған заң бұзушылықтар туралы қалай және қашан полицияға хабарлау керектігі егжей-тегжейлі жазылған. Такси диспетчері қылмыс туралы қолдағы байланыс құралдары арқылы таксистерге хабарлайды.
Тағы