Ташкент облысы Қыбырай ауданында тұратын Айжан Тәжібаева жергілікті балалар музыка және өнер мектебінде домбырадан сабақ береді
Өзбекстанның ұлттық симфониялық оркестрінде жұмыс істейтін 33 жастағы Әлібек Қабдурахманов өз отаны мен Қазақстанды қатар сүйетінін айтады.
Өзбекстанның Қарақалпақстан аймағында ежелгі Хорезмнің көптеген қала-бекіністерінің ізі қалған. Солардың арасындағы ең ірілері Топыраққала, Аязқала мен Қызылқала маңында бағзы заманнан тұратын қазақтар егін салып, мал өсіріп, балық аулаумен айналысады.
Өзбекстанның Хиуа қаласының төңірегіндегі қазақтар шағын ауылдарда түйе сауып, бақша салып күн көреді. Қаланың өз басындағы Серғазы хан медресесінде Бекет Ата музейі бар.
Өзбекстандағы Атақорған ауылында 1990 жылдарға дейін қазақтар тұрған. Кейін олардың көбі Қазақстанға көшіп, қазір бұл ауылда төрт қазақ отбасы ғана қалған.
Ташкент маңындағы Янгибазар кентінде тұратын қазақтар ауызашарға туған-туыс, көрші-қолаң, дос-жарандарын шақырып, ұмытылып бара жатқан халық әндерін де айтады. Азаттықтың фототілшісі Умида Ахмедова сол ауылдағы ауызашарға барып қайтты. Қазақстан мен Қырғызстанда бүгін, шілденің 5-інде Ораза айт басталды. Өзбекстан мен Тәжікстанда айт 6 шілдеде атап өтіледі.
Өзбекстанда ол елдегі қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен ақындар айтысы өтті. Айтысқа Қазақстаннан 10 ақын, Өзбекстаннан 5 ақын қатысты. Бас жүлдені қазақстандық Жарқынбек Наушабеков иеленді.
Ташкент мемлекеттік драма театрында Қазақстан мен Өзбекстан өкілдерінің қатысуымен дәстүрлі мәдени-шығармашылық кеш өтті.
Ташкент облысы Паркент ауданында жергілікті қазақтар ежелгі салтына сай биыл да көкпар ұйымдастырды.
Азаттықтың фототілшісі Умида Ахмедова Ташкент түбіндегі қазақтар тұратын Жамбай мен Қызылсу ауылдарына барып, күзгі бау-бақша мен жайылымдағы тіршіліктің суретін тартып қайтты.
Өзбекстандағы Нұрата, Тамды, Зарафшан елдімекендерін аралаған Азаттық тілшісінің ондағы қазақтар жайлы фоторепортажы.
Азаттық тілшісі биыл оқу жылының басында Өзбекстанның Ташкент облысы Шыршық қаласы маңындағы бірнеше қазақ мектебін көріп қайтты.
Тамды ауданындағы қазақтар түйе бағып, сүтін сатады. Шұбат бауыр дертіне шипа дейтін кей дімкәс адамдар мұндай түйешілерге арнайы барады.
Азаттық Өзбекстан қазақтарының отбасындағы сүндет тойдан фотогалерея ұсынады.
Азаттық Зарафшан қаласының түбіндегі Рахат ауылында тұратын қазақ диаспорасы өткізген бесік тойдан фоторепортаж ұсынады.
Абайдың туғанына 170 жыл толу мерейтойына орай Ташкенттегі Ғафур Ғұлам паркінде ақындар айтысы өтті.
Өзбекстан қазақтарының ішінде қала түбінде тұрса да, жаз бойы киіз үйде тұратындар әлі бар.
Тағы