Алматыдағы орталық мемлекеттік мұражай республикалық меншіктен қаланың коммуналдық меншігіне өтуі мүмкін. Музей ұжымы оған қарсы.
Алматы соты 20 тәулікке қамалған қоғамдық белсенді Ермек Нарымбаевтың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Алматыда Тобаяқов көшесінде өртенген үйдің 60 тұрғыны «қыс түскенше пәтерімізді салып берер» деп үміттенеді. Билік олардың үйін мемлекет есебінен тезірек тұрғызуға уәде берген.
Алматыдағы Алматы-2 вокзалы жанында, Тобаяқов көшесіндегі 12-үйдегі 16 пәтер жанып кетті. Қазір бұл жерде өртенген үйдің үйіндісін қоқысқа шығару жұмыстары жүріп жатыр.
Арнайы жобаға қатысушылар Қазақстан қалаларында арбамен қозғалатын мүгедектерге қандай жағдай жасалғанын көрсеткісі келеді.
Алматы қаласы соты шешімімен Қазақстан коммунистік партиясы жабылды. Саяси ұйым басшылығы «ақырына дейін» күреспек.
Осы аптада Қытай ұлттық валютасының соңғы 20 жыл ішіндегі ең үлкен девальвациясын жасады. Азаттық кейбір экономистерден юаньның құнсыздануының Қазақстан экономикасына әсерін сұрады.
Алматы қалалық соты жынысын ауыстырғаннан кейін жұмыстан шығарылған экс-полицейдің қызметіне қайта қабылдау туралы шағымын қанағаттандырмады.
Алматының Жетісу ауданында болған өрт кесірінен, 18 баламен қосқанда 60 тұрғын бір түнде баспанасыз қалып, бүкіл мүлкінен айырылды.
Гонконгта тұратын мемлекеттік әлеуметтік қызметкер Шум Винг Ян Алматы қаласында қазақстандық психологтарға жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу жолдары жөнінде дәріс оқыды.
Желтоқсан мен Бөгенбай батыр көшелері қиылысындағы ескі ғимаратты күреуге қарсы белсенділер бүгін Астанаға хат жіберді.
Ескерткішке гүл қоюға барғаны үшін қоғамдық белсенді он бес күнге сотталды.
Варшавадағы Шығыс зерттеулер орталығының сарапшысы Йозеф Ланг Азаттыққа берген сұхбатында Қазақстандағы діни ахуал туралы да айтты.
Өткен демалыс күндері бірнеше азаматтық белсендіні ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) шақыртқан. Олардың кейбірі тергеуге Ресейдің ФСБ қызметкерлері қатысқанын айтады.
Сарапшылар Талғат Ермегияевтің тұтқындалуын алдын ала болжанған коррупциялық жанжалға балайды. «Астана EXPO-2017» топ-менеджерлерінің жұмысы бұрын да сынға іліккен.