Түркі мемлекеттері ұйымы ортақ латын қарпін енгізу туралы келісімге келді. Бірақ Қырғызстан кириллицадан бас тартуға әлі дайын емес.
Кейінгі жылдары қоғамда қазақ тілін дамытуға талпынып жүрген түрлі белсенді топтар пайда болды. Олар қазақ тілін ғылым негізінде түсіндіреді, бірігіп түрлі компаниядан қазақша ақпарат сұрайды, шетел фильмін қазақша сөйлетеді. Сол топтардың басы-қасында жүрген белсенділермен сөйлестік.
Алматыда тіркелмеген "Демпартия" митингісіне жиналғандар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған билік жүйесі ел тәуелсіздігіне қауіп төндіргенін айтып, "Назарбаев биліктен кетсін!" деп ұрандады. Полиция акция қарсаңында және өтіп жатқан кезде бірнеше белсендіні ұстады.
Кейінгі кезде кремльшіл басылымдар Қазақстандағы орыстар мен орысша сөйлейтіндердің «қорлық көріп жүргенін», жергілікті жұрт олардың «құқығын бұзып жатқанын» жиі жазатын болды. Қазақстан билігі мұны жоққа шығарып, мемлекеттік тілде сөйлеуді талап еткен белсенділер видеосына байланысты іс қозғады.
Қазақ жазуын латын графикасына көшіру неге ұзап барады? Тілші ғалымдар арасында пікірталас неге тоқтамай отыр? Биыл Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам талқысына ұсынған "Жетілдірілген әліпбиді" қолдаушылар мен оны қолдамайтын ғалымдар не дейді? Азаттық тіл маманы Айман Алдашпен сөйлесті.
2017 жылы Қазақстан билігі қазақ жазуын латын графикасына көшіру туралы бастама көтерді. Бұл жоспарға қарағанда 2018 жылдан бастап мектеп оқулығын дайындала бастауы керек еді. Алайда жоспар орындалмады. Алғаш жарияланған диграф әліпби әжуаға айналған соң билік апостроф әліпбиді бекітті.
39 жастағы Өзбекстан тумасы Владислав Тен он жыл бұрын Қазақстан астанасына көшіп келген. Басында дәрігер болып жұмыс істеп, кейінірек тіл оқыту орталығын ашқан.
AzattyqLIVE хабарында мемлекеттік тіл тақырыбы талқыланды. Хабарға жазушы, тіл маманы Қанат Тасыбеков қатысты.
Башқұрстанда республика басшылығына кандидатқа тілге байланысты талап қою дау туғызды.
Түркияда туып, Францияда тұрған, арғы тегі алтайлық қазақ Өмір Өзкалп Германияда кәсіпкерге айналды. Түркияда – "Омер", Францияда – "Виктор-Зафер" атанған Өмір шеттегі қазақ жастарының ана тілінен ажырап бара жатқанын айтып қынжылады.
"Urban Forum Qazaqsha" жиынында қазақ тілді жастардың қоғамдағы белсенділігі жөнінде пікірталас өтті. Бір зерттеуші қазақ тілді жастарды "тіл мен тарих қана қызықтыратын, қаланың дамуына селқос" топ деп сипаттады. Бұл тұжырыммен келіспегендер әлеуметтік мәселелерді шешуге назар аудартты.
Алматыда өткен жаңа қазақ әліпбиінің емле ережелерін талқылау жиыны кезінде тіл реформасының шешілмеген түйткілдері көп екені аңғарылды.
Тағы