Accessibility links

"Ұлт тағдыры" қозғалысы Әміржан Қосановты президенттікке үміткер ретінде ұсынды


Әміржан Қосанов "Ұлт тағдыры" қозғалысының жиынында. Алматы, 26 сәуір 2019 жыл.
Әміржан Қосанов "Ұлт тағдыры" қозғалысының жиынында. Алматы, 26 сәуір 2019 жыл.

"Ұлт тағдыры" қозғалысы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына Әміржан Қосановты кандидат ретінде ұсынды. Бұл шешім қозғалыстың 26 сәуірде Алматыда өткен жиынында қабылданды.

Қосанов президент болса "елдегі экономикалық мәселелерді шешіп, партияларды тіркеу жолын жеңілдететінін және парламент сайлауына барлық партиялардың қатысуына мүмкіндік жасайтынын" айтты.

Қосанов Орталық сайлау комиссиясы кандидатурасын тіркесе, сайлауда негізгі қарсыласы "Нұр Отан" партиясының кандидаты Қасым-Жомарт Тоқаев болатынын мәлімдеді.

"Тоқаевтың әкімшілік ресурсы мықты. Бірақ менің артымда халық тұр. Теледебатқа да дайынмын" деді ол.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Ерте сайлауға кандидаттар ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Қазірге дейін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерден ұсынылған кандидаттар:

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы сайлауға бойкот жариялады.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG