Accessibility links

Комик Александр Меркуль он күнге қамалды


Александр Меркуль
Александр Меркуль

Стендапер, комик Александр Меркуль 10 күнге қамалды. Оған “Ұсақ бұзақылық” бабы (434-баптың 1-бөлігі) бойынша айып тағылған.

Сот шешімінде комиктің биыл маусымда Астанадағы “Реберная” мейрамханасында “балағат сөз айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны” жазылған. Бұл видео YouTube және Instagram желілерінде тараған. Сот отырысында Меркуль тағылған айыптарды мойындаған.

Жауапкер сотта 2023 жылы қыркүйектегі “Жаңа Қазақстан” туралы екі жазбасы “Инстаграмнан” өшірілгенін де айтқан. Онда да "бейпіл сөз" болған.

31 жастағы Александр Меркуль стендаптарында Ресей, Путин жөнінде де айтқан.

Александр Меркуль – кейінгі айларда әкімшілік жазаға тартылып отырған алғашқы комик емес. Мамырдың аяғында Алматы соты стэндапер Нұрасхан Басқожаевты әзіліне бейпіл сөз араластырғаны үшін 15 күнге қамаған. Комиктің әріптестері "оны саясат пен жемқорлықты жиі әжуалағанына бола жазалады" деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG