Accessibility links

Тергеуі тоқтаған Шалабаеваның шетелге кете алары неғайбіл


Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа.
Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен қызы Алуа.

Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева Италияда қалған балаларына баруға рұқсат сұрады. Шалабаеваға қатысты қылмыстық іс тергеу мерзімі біткен соң тоқтатылған.

Қазақстан бас прокуратурасының өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков оппозициялық олигарх әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтың Қазақстанға депортацияланған жұбайы Алма Шалабаеваның шетелге шығу жайлы өтінішін бергенін хабарлады. Оның сөзінше, бұл өтінішке байланысты шешім әлі қабылданбаған, өйткені «Шалабаева бұл өтінішін негіздейтін дәлел, материалдар ұсынбаған».

– Тергеуге ондай дәлелдер мен материалдар берілсе, заң бойынша тергеуші оны қарастырып, шешім қабылдауы керек, – деді Нұрдәулет Сүйіндіков 27 қараша күні, ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша.

ПАСПОРТТЫҢ ДАУЫ

2013 жылы мамырда Қазақстанға депортацияланған соң қылмыстық кодекстің 235-бабы («жалған құжат жасатты») бойынша айыпталып, сотқа тартылған Алма Шалабаеваның Италияда қалған үш баласына баруға рұқсат сұрағанын адвокаты Инесса Кисилева да растады.

– Алма Шалабаеваға қатысты қылмыстық іс Атырау облыстық ҰҚК тергеу бөлімінде қаралып жатыр. Оны «2012 жылы Атырау қаласында жалған құжат
Адвокат Инесса Кисилева.
Адвокат Инесса Кисилева.
жасап, соны пайдаланды» деп айыптайды. Алайда іс материалдарында сол жалған құжат жоқ. Бірақ сол кезде Шалабаеваның қолында 2007 жылы берілген паспорты болған. Ол паспорт 2017 жылға дейін жарамды. Алма осы паспортымен 2009 жылы шетелге шығып кетіп, Қазақстанға 2013 жылы – депортация жасалғанда келіп отыр, – дейді адвокат Инесса Кисилева.

Адвокаттың сөзінше, Алма Шалабаеваға жаңа паспорттың қажеті де болмаған – ол 2007 жылы алған паспортымен Ұлыбританиядан саяси баспана, Латвиядан тұрғылықты тұруға рұқсат, Еуропа елдерінен Шенген визасын алған.

Адвокат Инесса Кисилева «Алма Шалабаева жалған паспорт жасау ісіне қатысы жоқ болғандықтан өзіне қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды сұрағанын» да айтты. Оның сөзінше, қазақстандық тергеу органдары «Шалабаеваның 2012 жылы берілген паспортты пайдаланғаны жайлы» Еуропа елдеріне сұрау салған, ол жақтан жауап келгенше тергеуге берілген екі ай өтіп кеткендіктен іс тоқтатылған.

Бұған дейін, 2013 жылы маусымда «Мұхтар Әблязовтың туыстарына (оның үш
Мұхтар Әблязов пен Алма Шалабаеваның қыздары Алуаға Латвия берген құжат. (Фотокөшірме Австрияның «Курьер» газетінің сайтынан алынды). 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Мұхтар Әблязов пен Алма Шалабаеваның қыздары Алуаға Латвия берген құжат. (Фотокөшірме Австрияның «Курьер» газетінің сайтынан алынды). 3 маусым 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
баласына, әйелі Алма Шалабаеваға және төрт жақынына) жалған төлқұжат жасады» деген айыппен Атырауда төрт адам екі жылдан тоғыз жылға дейінгі түрме жазасына кесілген еді.

ҚҰЖАТЫ ЖОҚ АДАМ

Алматыда 27 қараша күні баспасөз жиынын өткізген адвокаттар Инесса Кисилева мен Нұрлан Өстеміровтің айтуынша, қазір Алма Шалабаеваның екі паспорт түгілі бір де бір жеке басын куәландыратын құжаты жоқ.

– Шалабаева бір күнде депортациялағанда, оның паспорты мен қызының құжаттары Италияда қалып қойған. Ал Қазақстанда тиісті мекемелер «2007 жылы берілген паспортының күші жойылғанын, ал 2012 жылы берілген паспортын пайдалануға шектеу қойылғандығын» айтады. Сол себепті қазір Алма не өз атынан сотқа шағым түсіре алмай, не қызын мектепке орналастыра алмай отыр, – дейді адвокат Инесса Кисилева.

Құқық қорғаушы Евгений Жовтис «Алма Шалабаеваға қатысты «жалған құжат» ісі – Әблязовқа қарсы жүргізіліп жатқан үлкен саясаттың бір көрінісі» деп біледі.

– Біріншіден, Алмаға қатысты іс ол Қазақстанға қайтарылғаннан кейін ғана
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 6 қыркүйек 2013 жыл.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис. Алматы, 6 қыркүйек 2013 жыл.
қозғалды. Италиядан Мұхтар Әблязовты таппаған соң осы процесс басталып кетті. «Жалған құжат жасады» деп айыпталған адам үшін Қазақстан үкіметі чартерлік рейс жалдап, елге қайтарады дегенге сенбеймін, – деді Евгений Жовтис.

2013 жылы 31 мамыр күні Италия полициясы Мұхтар Әблязовтың әйелі Алма Шалабаева мен кәмелетке толмаған қызы Алуаны Римде тұрып жатқан жерінен ұстап, Қазақстанға депортациялаған еді. Кейін Италия үкіметі депортация туралы шешім заңсыз екенін мәлімдеп, бұған қатысты кінәні мойнына алған Италия ішкі істер министрлігінің лауазымды шенеунігі отставкаға кеткен. Шалабаеваны депортациялау ісі Италия парламентінде ішкі істер министріне сенім білдіру мәселесін қарауға себеп болған.

Қазақстан үкіметі «экономикалық қылмыс жасаған» деген айыппен іс қозғап, іздеу жариялаған оппозициялық олигарх әрі бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовты биыл шілденің 31-і күні Францияның Муан-Сарту қаласында осы елдің қауіпсіздік күштері ұстаған. 1 тамызда Францияның Экс-ан-Прованс қаласының прокуроры Әблязов экстрадициялау мәселесі шешілгенше қамауда болатынын айтқан.

Мұхтар Әблязов өзіне қатысты қозғалған істердің саяси астары бар деп мәлімдеп келеді.
XS
SM
MD
LG