Түркіменстанда ұн мен жұмыртқа тәрізді негізгі азық-түлік тауарларының тапшылығы екінші жыл қатарынан байқалып отыр. Тәуелсіздік алғанына 26 жыл болған мемлекет аса ауыр экономикалық дағдарысқа тап болғалы екінші жылдан асты. Азық-түлік тапшылығына қоса елде жұмыссыздардың көбейгені туралы дерек бар.
Құрбанбибі Атажанова туралы бір кездері ол түрме кілтін қолына ұстап туған деп айтуға болар еді. Ол Түркіменстанда басшы қызметте отырғандарды жиі ауыстыратындығымен танылған елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың тұсында он жыл бойы бас прокурор болып істеген.
Қырғызстандағы оппозициялық "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаевтың елде өтетін президент сайлауы қарсаңында сотталуы Орталық Азиядағы "демократия аралының" беделіне нұқсан келтіргендей.
Өзбекстан билігі елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің ескерткішін сомдауды кезінде оның қырына іліккен мүсінші Илхом Жаббаровқа тапсырып отыр.
24-25 мамырда Венада өтетін жиында мұнай экспорттаушы елдер әлемдік нарықта мұнай бағасын қымбаттату мақсатында өндіріс көлемін әлі де шектей түсу жайын талқыламақ. ОПЕК ұйымына мүше және оған енбейтін елдер қатысатын жиынға Қазақстан мен Түркіменстан да өкілдерін жібермекші.
Түркіменстандағы имамдардың бірі құлпытастағы марқұмдардың суретін өшіруді бұйырды. Бірақ оның себебін ешкім айтпайты.
Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы – Мажилиси Милли төрағасы Махмадсаид Убайдуллоев биліктегі ықпалынан біртіндеп айырылып жатқанға ұқсайды. Оның жақын серіктері істі болып, сотқа тартылып жатыр.
Өзбекстандағы жанармай сататын мемлекеттік компания жұмысшылары өздеріне тиесілі еңбекақыны төлеуді басшылықтан талап етті. Бұрын Ислам Каримов президент болып тұрғанда бұлайша бас көтеру сатқындықпен пара-пар саналатын.
Өзбекстанда ұзақ уақыт түрмеде отырған кей саяси тұтқындардың шығуын жұрт жақсылыққа жорыған. Үкіметті сынайтын құқық қорғаушыны қайтадан психиатриялық емханаға күштеп жатқызуы биліктің баяғы тәсілге жүгінуді жөн санайтынын көрсетті.
Қырғызстанда «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев қамалған соң ел президенті Алмазбек Атамбаев пен Қырғызстанның социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) қарсыластары күш біріктіре бастады.
Қырғызстанда белгілі оппозициялық саясаткер, парламенттегі «Ата Мекен» партиясы фракциясының басшысы Омурбек Текебаевтың Бішкекке ұшып келген бетте қамауға алынуы елде бірден саяси дүрбелең тудырды.
Түркіменстанның Иранға табиғи газ бермей қойғанына жарты ай болды. Иран ұлттық газ компаниясы қаңтардың 1-і күні Түркіменстанның газбен қамтамасыз етуді тоқтатқанын айтқан.
Өзбекстан соңғы 25 жылда екінші президентін сайлады. Желтоқсанның 4-індегі сайлауда бұрынғы премьер-министр Шавкат Мирзияев, көпшілік күткендей, 90 пайызға жуық дауыс жинап сайлауда оңай жеңіске жетті. Жаңа басшы қандай өзгеріс әкелуі мүмкін?
АҚШ-тың мемлекет хатшысы Джон Керри Орталық Азияның бес мемлекетінен келген сыртқы істер министрлерін Вашингтонда қарсы алып, C5+ 1 аталып кеткен жиын өткізіп жатыр.
Ауғанстан мен Пәкістаннан бастап Сирия мен Йеменге дейінгі аралықта әрекет ететін түрлі қарулы топтар сапындағы Орталық Азия өкілдері арасында әсіресе этникалық өзбектер көп. Сол азғантай содырдың кесірінен бұл аймақ «экстремистерге адам жібереді» деген дақпырт тараған.
Тәжікстанда Иcхок Табаров заңгер көмегіне аса мұқтаж жандардың мүддесін қорғайтын және билік қырына алған оппозиция қайраткерлерін қорғаған адвокат ретінде танылған еді.
Қырғызстан биыл патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы қырғыз халқының ұлт-азаттық көтерілісі мен елге қасірет әкелген Үркіннің 100 жылдығын атап өтпек.
Қазақстанда наурыздың 20-сында парламент мәжілісінің мерзімінен бұрынғы сайлауы өтті. Нәтижесі айқын науқан кезінде халықтың сайлауға ықыласы бәсең болды.
Орталық Азия аймағында экономикалық дағдарыс басталатыны күні бұрын белгілі болғанымен, биліктегілер оның салдарын азайтудың амалын таба алмай отыр.
Қырғызстан депутаттары неке қиғаны үшін молдаға жауапкершілік жүктеуді ұсынады. Кейбір бақылаушылар мұндай бастама бұрын да көтеріліп, бірақ аяқсыз қалғанын айтады.
Тағы