Баспасөз бостандығын қорғайтын америкалық «Фридом Хауз» ұйымы ТМД елдерінде цензураның жаңа түрі, интернет цензурасы пайда болды деген баяндамасын жариялады. Ал интернет-цензурасына қарсы амал бар ма, тұмшаланып қалған веб-сайттарға басқа жолдар арқылы кіріп, оқуға бола ма? Мамандар «жабылды» деген веб-сайтты оқу оңай нәрсе, «жабылды» деген веб-сайттарды интернет туралы қарапайым түсінігі жоқ оқырмандар ғана аша алмайды дейді. Сонымен, «жабылды» деген веб-сайттарға қалай кілт табуға болады?