Иран қысқа қашықтыққа ұшырылатын екі зымыранын сынақтан өткізді және ұзақ қашықтықтағы зымыранын тәжірибеден өткізбек. Ал бұл аралықта ядролық амбициялары жоғары Теһран мен Батыс арасындағы текетірес өрши түсуде.
Қазақстанның Ақтау қаласында Каспий жағалауындағы мемлекеттердің жетекшілері бейресми саммитке жиналды. Бірақ бұл жолы осы басқосуға Иран шақырылмады. Сонымен Ақтауда не және қалай талқылануы мүмкін.
АҚШ президенті Барак Обама сейсенбі күні кешке мұсылмандардың қасиетті Рамазан айында ауызашар берді. Оған кабинет министрлері, Конгресс мүшелері, мұсылман елдерінің елшілері мен мұсылман қауымдастықтарының басшылары шақырылды.
Пәкістандағы Талибан қозғалысы Хакимулла Мехсудты жаңа қолбасшы етіп тағайындағанын хабарлады. Алайда Пәкістан барлау ресмилері бұндай ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.
Апаттан аман қалғандардың дабыл қағуы жөніндегі әңгімелер, үкіметтің дайын болмауы, уақыттың өтіп, үміттің азаюы ... Саян-Шушенск ГЭС-дегі апатқа қатысты мұндай жайттар 2000 жылғы тамыздағы Курск оқиғасын түсіреді.
Әндіжан мен Ханабад қалаларында жасалған шабуылдардан соң өзбек-қырғыз шекарасы жабылды. Ресми Ташкенттің айыптауларын Бішкек жоққа шығарды.
Берлиндік «Ибера» баспасының бас редакторы Бриджитт Стробеле, Азаттық радиосына берген сұхбатында, Рахат Әлиевтің кітабына қатысты өз ұстанымын білдірді.
Жастар билікті гүл мейрамының орнына сәуірдің 30-да Әзірбайжан ұлттық мұнай академиясындағы атыста құрбан болғандарды еске алып, аза тұту күнін жариялауға шақырған болатын.
Британиялық Guardian басылымында Қазақстандағы баспасөз еркіндігі жайлы шыққан мақаланың авторы американдық блогшы Дэн Кеннедидің Азаттыққа берген сұхбаты
Олар сайлаудан кейін орын алған зорлық-зомбылыққа байланысты ел басшылығын айыптап отыр. Хабарларға қарағанда, өткен аптада шерулер барысында ондаған адам жарақат алып, жүздеген кісі қамауға алынған.
Грузияның астанасында және басқа да қалаларында оппозициялық топтар президент Михаил Саакашвилидің қызметінен кетуін және кезектен тыс сайлау өткізуді талап етуде. Оппозиция жетекшілерінің айтуынша, Тбилисидегі шерулерге шамамен 150 мың адам қатысуда.
Дүйсенбі күні Еуропа Одағы Киевтің газ тасымалы жүйесін жетілдіруге бағытталған келісімге қол қойды. Оның алдында Сочиде журналистерге берген сұхбатында Путин егер ЕуроОдақ пен Украина арасындағы газ тасымалына қатысты келіссөздерде Ресейдің мүддесі ескерілмесе, Мәскеу еуропалық әріптестерімен қарым-қатынастарын қайта қарап шығуы тиіс болады деген еді.
2005 жылдың 24 наурызында қырғыз халқының толқуы арқасында сол кездегі президент Асқар Ақаев биліктен күшпен кетірілген еді. Демократияның жеңіске жетуін білдірген бұл төңкерісті кейбіреулер қазір Қырғызстанның демократиялық реформалардан кері шегінуінің бастауы болды деп сипаттауда.
Президент Барак Обама АҚШ-тың Ауғанстан мен Пәкістанға қатысты жаңа стратегиясын таяу арада жарияламақшы. Обаманың мәлімдеуінше, Ауғанстандағы АҚШ бастаған миссияны аяқтау үшін АҚШ-тың “әскерді шығару стратегиясы” болуы тиіс.
Әзірбайжан сайлау ресмилерінің хабарлауынша, референдумға қатысқандардың басым бөлігі президент Илхам Алиевтің сайлауға түсуіне шек қоймайтын құқық беретін конституциялық толықтыруларды қолдаған. Бірақ Еуропа кеңесінің жергілікті билік палатасының президенті бұл өзгертулер Бакудің демократия міндеттемелерін бұзады деп мәлімдеді.
2006 жылы Беларустегі президент сайлауына қатысқан Александр Казулинді билік орындары түрмеге жапқан болатын. Ар-ождан тұтқынына айналған Казулин қамауда 56 күндік аштық жариялады, жұбайы Ирина қайтыс болды. Қазір бостандықтағы Казулин Лукашенконың өткір сыншысына айналды.
Наурыздың 18-де Әзірбайжанда президенттік мерзімге қатысты шектеулерді алып тастауға бағытталған референдум болады. Сыншылардың пікірінше, бұл шара Алиевтердің 40 жылдық саяси билігін біржолата бекітуге бағытталған.
Бірқатар шешен эмигранттарына жасалған қастандық әрекеттерінен кейін Еуропада жүрген шешен азаматтары қауіпсіздіктеріне қатысты алаңдаушылық танытуда. Олар Ресей барлау қызметтерінің көмегімен Шешенстан президенті Рамзан Қадыров эмигранттарды өлтіруге тапсырыс беруде деп айыптайды.
OPEC министрлері қазіргі мұнай өндірісінің деңгейін мамыр айына дейін өзгертпеуге келісті. Бұл жөнінде Ирақ мұнай министрі Хуссейн әл-Шахристани хабарлады. OPEC ұйымына мүше 12 елдің ресмилері мамырдың аяғында жиналып, нарық жағдайын қайта бағаламақшы.
Орталық Азиядан миллиондаған адам жұмыс іздеп Ресейге аттанады. Бірақ бұл аймақтан АҚШ-қа баратын заңсыз еңбек мигранттарының нақты саны белгісіз. Қырғызстанда дүниеге келген Салтанат Либерт осы мәселені мұқият зерттеп жүрген алғашқы ғалым.
Тағы