Европа одағы осы аптада Грузия, Армения және Азербайжанды өзінің Көршілестік бағдарламасына қосты. Алайда бұл қадам Европа одағына ашылған есік деуге келмейді, бірақ көршілестіктің жаңа бастамасы алдағы онжылдықтарда аталған елдердің Евроодақпен сауда-саттық қатынасын нығайтып, саяси талқылаулар мен еркін байланыстарға баруына жол ашады. Бұдан былай Евроодақтың оң көзқарасына Грузияның көбірек ие болатындығы байқалса, Таулы Қарабақ жанжалы Армения мен Азербайжан үшін әжептәуір кедергі болуы ықтимал дейді шенеуніктер.