Батыс Қазақстан облысында бос бюллетеньді топтап тастаған комиссия мүшелерінің әрекетінен полиция қылмыс құрамын таппады. Бірмандатты округтен түскен кандидат, оппозициялық журналист Лұқпан Ахмедияров іс сотқа жетпегенін "биліктің нұсқауы" деп есептейді.
Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, бес жылдан жеті жылға ұзарған президенттік қызметіне кірісті. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы оған президент куәлігін тапсырды. Ұлықтау рәсіміне бұрынғы президент те қатысты.
Ақмола облысы Ерейментау ауданынында сайлау күні бақылаушы болған азамат аудан әкімі учаскеден жарты сағат шыға тұруды өтінгенін айтады. Ол екеуара әңгімені аудиоға жазып алған. Әкімдік мұны "фейк шығар" дейді.
Қазақстанда өткен президент сайлауында "бәріне қарсымын" графасын таңдағандар 6 пайызға жуық. Бәріне қарсы дауыс бергендердің өзге кандидаттардан озып кетуін депутаттар "демократияның көрсеткіші" деп дәріптейді. Бірақ сарапшы билік бұл графаны енгізу "саяси реформаның имитациясы" дейді.
Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері Ерлан Қошанов ЕҚЫҰ бюросының Қазақстандағы сайлау жөніндегі пікірімен келіспейтінін мәлімдеді. Ұйым жанындағы Демократиялық институттар және адам құқықтары бюросы елдегі президент сайлауын бақылап, бірқатар ұсыныс айтты, бәсекенің әлсіз болғанын атады.
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 81,3 пайыз дауыс алып, президент боп сайланды деді. Комиссия саяси науқанның алдын ала қорытындысы ресми расталғанын айтып, Тоқаевты ұлықтау рәсімін 26 қарашаға белгіледі.
Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өткен президент сайлауының қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлаушылардың 81,3 пайызы дауыс берген. ОСК мәліметіне сенесіз бе? Тұрғындар пікірі.
Саясаттанушы Димаш Әлжанов Азаттыққа сұхбатында Қазақстан президентін сайлау қалай өткені, "бәріне қарсы" дауыс бергендер саны туралы ресми дерекке неге сенуге болмайтыны, алдағы жеті жылда жоғары билікте тағы бір "мұрагер" операциясы болуы мүмкін екені жайлы айтты.
Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз бастамасы бойынша өткізілген кезектен тыс сайлауда озып шықты. ОСК жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысы осындай. Сарапшылар болжағандай, негізгі кандидат өзіне дейінгі басшының сайлау өткізу мәнерін қайталады.
Тағы