Түркия президенті Режеп Ердоған Сауд Арабиясының оппозициялық журналисі Жамал Хашоггиді өлтіру операциясының бірнеше күн бұрын жоспарланғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қылмыскерлердің Түркияда сыбайластары болған. Сауд Арабиясы билігі журналистің кездейсоқ өлгенін айтты.