Украина билігі Буча қаласына су мен газ берілгенін, 17 сәуірге дейін электр энергиясы берілетінін мәлімдеді. Буча қаласы бірнеше апта Ресейдің бақылауында болған еді. Кейін Ресей әскері қаладан кеткен соң Бучада 400-ден аса бейбіт тұрғынның мәйіті табылған.
Украина Жоғарғы радасы (парламент) Ресейдің басқыншылығын "геноцид" деп таныды. Бұған қоса депутаттар Ресей әскері қолданатын Z және V белгілерін қолдануға тыйым салды. Сондай-ақ украиналық депутаттар шетелдіктерге үш жылдан бес жылға дейін Украинаның барлау қызметінде жұмыс істеуге рұқсат беретін заңды қабылдады.
АҚШ ресейлік бизнесмендердің бұғатталған активтерін қайтармайтынын мәлімдеді. "Мақсатымыз бұл активтерді тиімді түрде пайдалау" деді АҚШ президентінің қауіпсіздік бойынша көмекшісі Джейк Салливан.
Украинаның ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы ВВС-ге сұхбат берді. Ол айтқан маңызды үш мәлімдемесі мынандай:
- Ресейдік басты жоспары – президент Владимир Зеленскийді өлтіру болды. Оған бес рет қастандық жасалды, соңғы қастандық 7 наурызда болды.
- Соғыстың алғашқы күндері президент кеңсесінде оқ атылды. Киев орталығында диверсиялық топ жүрді.
- Украина Ресейдің басқыншылығы 22 ақпанда басталады деп жоспарлаған. Ресми Киев шабуылды Беларусь аумағынан жасалады деп күтпеген.
ПІКІРЛЕР