Accessibility links

"Z" таңбасы бар әскери техника. Мариуполь қаласы, 16 сәуір 2022 жыл.
"Z" таңбасы бар әскери техника. Мариуполь қаласы, 16 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыста 11-17 сәуір арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

17 сәуір - Украинадағы соғыстың 53-күні. Негізгі ақпараттар:

  • Ресей әскері Украина қалаларын атқылауды доғармады. Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, Ресей Харьков маңындағы әскерін көбейтуге тырысып жатыр. Жаңадан түсірілген спутник суреттері әскери техникалардың Харьков облысы Липчановка елді мекенінде шоғарланғанын көрсеткен. Техниканың біраз бөлігі Изюм қаласына қарай жол тартқан.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресей Украинадағы соғыста тактикасын өзгерткенмен мақсатын өзгерткен жоқ деп мәлімдеді.
  • Қоршауда қалған "Мариупольдегі украин күштерінің қазасы Ресеймен келіссөзге нүкте қоюы мүмкін". Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.
  • Ресей Мариупольдегі украин күштеріне берілуді ұсынды.
  • Журналистер "Москва" крейсерінде қаза болған теңізшінің аты-жөнін анықтады.
  • БҰҰ мәліметінше, соғыс басталғалы бері 5 млн адам Украинадан босып кеткен. ​
  • Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Ресей басқыншылығы басталғалы бері шамамен үш мың украин жауынгері опат болып, он мыңы жараланғанын айтты.
  • Ресей Ұлыбританияның бірқатар саясаткерлеріне елге кіруге тыйым салды.
  • Пентагонның айтуынша, ресейлік "Мәскеу" крейсері Украинаның екі зымыраны түскеннен кейін суға батқан.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі: Ресей тактикасын өзгерткенмен мақсатынан таймады

Ресейдің мақсаты – аймақта үстемдігін нығайтып, Украинаны еуроатлантикалық бағытынан бас тартуға мәжбүрлеу. Қазір ол басты назарды Украина шығысына бұрғанмен негізгі мақсатынан тайған жоқ. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі осылай деп мәлімдеді.

Ұлыбритания барлау қызметінің ақпараты бойынша, Ресей күштері әскери және қосымша техникасын Украина шығысына қарай, атап айтқанда Харьков пен Северодонецкіге шоғырландырып жатыр.

Харьковте совет қолбасшысы, маршал Георгий Жуковқа арналған ескерткіш сүрілді

Әлеуметтік желілерде ескерткіштің сүрілгені жайлы видеолар тарады.

Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, оны "Азов" батальонының жауынгерлері алған болуы мүмкін.

Харьков облысы әкімшілігі оқиғаға байланысты ешқандай хабарлама таратпады.

Украина телеграм-арналары жексенбі күні Харьковке зымыранмен соққы жасалғанын хабарлап, видеолар таратты. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, қаза болғандар мен жараланғандар бар.

Украинаға "қуатты қару түрлері" келе бастады

Вашингтонның Киевке қауіпсіздігін нығайтуы үшін бөлген 800 млн долларлық көмегі аясында АҚШ жіберген қару-жарақ, оқ-дәрілер Украинаға келе бастады. Бұл жөнінде Америка үкіметіндегі дереккөзге сүйенген CNN телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның мәліметінше, АҚШ президенті Джо Байден Украинаға қосымша қару-жарақ пен оқ-дәрі жөнелтуді осы апта басында мақұлдаған.

Украиналықтар жаңа қару түрлерін меңгеріп жатыр. 13 сәуір 2022 жыл.
Украиналықтар жаңа қару түрлерін меңгеріп жатыр. 13 сәуір 2022 жыл.

Вашингтон Киевке қуатты қару түрлерін беруге алғаш рет келісіп отыр. Бірнеше апта бұрын Байден әкімшілігіндегі кейбір шенеуніктер Ми-17 тікұшағының 11 данасы, 18 155-мм гаубица, 300 Switchblade дроны тәрізді қуатты қару түрлерін Киевке беру жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін деген қауіп айтқан.

Жұма күні АҚШ қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды өкілі қару-жарақ пен жабдықтар тиелген алғашқы рейс аймаққа алдағы күндері жеткізіледі деп мәлімдеген.

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні Украина ақпарат құралдарына берген сұхбатында, АҚШ, Ұлыбритания, Польша және бірқатар мемлекеттер "қазіргі кезде украиналықтарға жақсы дем беріп жатыр" деді.

"Бірақ қаласа, одан да күштірек қолдай алар еді" деді. Оның сөзінен "Украинская правда" сайты үзінді келтіреді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG