Accessibility links

Пашинян - Армения премьерлігіне жалғыз кандидат


Пашинян: "Жеңген - халық"
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:44 0:00

Пашинян: "Жеңген - халық"

Армения парламенті Никол Пашинянды премьер-министр етіп сайлау және жаңа үкімет сайлауын өткізу мәселелерін талқылап жатыр.

Мамырдың 1-інде күні бойы жалғасқан Армения парламентіндегі дауыс беру кезінде жаңа премьер-министр лауазымы үшін оппозиция жетекшісі Никол Пашинянның кандидатурасы қаралып жатыр. 42 жастағы Пашинян парламенттегі барлық оппозициялық фракциялардың қолдауына ие. Ал қазірге дейін билік партиясы саналып келген республикашылар 105 мандаттың 58-ін алып отыр.

Дауыс беру алдында парламент мүшелерінің алдында сөз сөйлеген Никол Пашинян өткен апта бойы жалғасқан қарслық шеруінен соң отставкаға кеткен премьер-министр Серж Саргсянның партиясын жаңа сайлауды болғызбауға тырысты деп айыптады. Пашинян толқудың кез-келген уақытта жанданып кетуі мүмкін екенін ескертті.

Армения парламентінің отырысы. Ереван, 1 мамыр 2018 жыл.
Армения парламентінің отырысы. Ереван, 1 мамыр 2018 жыл.

- Республикалық партияның премьер сайлауын болдырмау әрекеті саяси дауыл тудырады. Барлығы шешімдеріңізге қарап тұр. Уа, халқым, мыналар жеңісіңді ұрлап әкетпек. Көшеге шық, - деді ол.

Пашинян демонстранттардың талабымен келіспейтіндерді, толқыған халықтың қуанышына ортақтаспайтындарды "сатқындарға" теңеді.

- Бұл оянудан енді қашып құтылу жоқ, кері қайту және жоқ. Бүгінгі талқылау премьер-министрдің кім болатынын емес, халықтың қуанышы мен бақытын кім бөлісетінін анықтау туралы. Кімде-кім бұл бақытты сезінуден мақұрым қалса, онда халқын сатып кетті деген сөз. Жеңген - халық. Бостандық жасасын! Армения республикасы жасасын! - деді ол.

Сейсенбі күні Пашинянның мыңдаған жақтасы Еревандағы Республика алаңына жиналды.

Армениядағы наразылық шараларының басында жүрген "Елк" саяси блогының жетекшісі жаңа премьер-министр сайлауына жалғыз кандидат болып тіркелген. Шерушілер талабына орай биліктегі Республикалық партия премьерлікке кандидат ұсынбаған.

Бірақ парламенттің вице-спикері Республикалық партия өкілі Эдуард Шармазанов мамырдың 1-інде Никол Пашинянның бір күн бұрын айтқан сөздерімен келіспейтінін мәлімдеді.

- Кешегі кездесуге қарағанда Пашинян мырзаның премьер-министр бола алмайтынына сенімдімін, - деді ол журналистерге.

Республикалық партияның парламенттегі фракциясының жетекшісі Вахрам Багдасарян мамырдың 1-інде журналистерге партия мүшелерінің дауыс беру тәсіліне қатысты ортақ шешім жасалғанын айтты.

- Фракция мүшелері шешім қабылдап жатқанда қалай дауыс беретіндеріне қатысты қысымға ұшыраған жоқ, - деді ол.

Армения конституциясы бойынша премьер-министр болып сайлану үшін кандидатты 105 депутаттың 53-і қолдауы қажет.

Көре отырыңыз: Ереванда премьер сайлауын күткен жұрт

Ереванда премьер сайлауын күткен жұрт
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00

Сәуірдің 17-інде бұрынғы президенті Серж Саргсян премьер-министр болып тағайындалған. 2008-2018 жылдары екі мерзім ел басқарған Саргсян президенттіктен кеткенде билікке қайта оралмайтынын айтқан. Бірақ биліктен кетіп жатқанда Арменияда конституцияға өзгеріс еніп, билік премьер-министрдің қолына өткен.

Саргсян премьер-министр болып тағайындалған күні парламенттегі "Елк" фракциясының басшысы Никол Пашинян бейбіт "барқыт төңкерісі" басталғанын жариялаған. Ереванда шеруге шыққан мыңдаған адам Саргсян "билікті басып алды" деп айыптаған.

Саргсян мен ел билігі Пашинян бастаған оппозиция мен наразыларды келіссөзге шақырған. Бірақ Саргсян мен билік арасындағы келіссөздерден еш нәтиже шықпады әрі наразылар өз талаптарынан қайтпады.

Сәуірдің 23-і күні Серж Саргсян "ел болашағы үшін" отставкаға кеткен.

Көре отырыңыз: Армения неге толқып тұр?

Жаһан жаңалықтары. Апта 20.04.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:16:52 0:00

XS
SM
MD
LG