Солтүстік Корея екі жылға созылған күрделі келіссөздерден кейін дүйсенбі күні ядролық қаруынан бас тартуға келісті. Бірақ міндеттеме қашан, қаншалықты толық дәрежеде орындалатыны анық емес. Оның үстіне сейсенбі күні Солтүстік Корея мүлдем басқа талабын қойды, бізге алдымен бейбіт мақсаттағы ядролық реакторлар берілсін, ядролық бағдарламамызды сонда ғана тоқтатамыз деп бұрылды. Жапония және АҚШ талапты орынсыз деп тапты.