Кувейт парламенті әйелдерге парламент және муниципалды сайлауларға түсуге, ол сайлауларда дауыс беруге рұқсат берді. Осындай шешімнің қабылдануы тіпті парламент депутаттарының кейбіреуін таң қалдырды.
Батыс елдері Өзбекстандағы қантөгіске наразылығын күн өткен сайын қатты айтып келеді. Алғашында сыни сөз шамалы еді. Британия және АҚШ бастаған елдер енді Өзбекстан үкіметіне қатаң талаптар қойып отыр. Британия халықаралық ұйымдар мен журналистерді Әндіжанға кіруге тез арада рұқсат алсын дейді.
Өзбекстан әскері Әндіжан әкімшілігі ғимаратын кері қайтарып, жұма күні бұрқ ете түскен көтерілісті басты. Қақтығыстарда кемінде он адам қаза тапты. АҚШ әкімшілігі және сыртқы істер министрлігі ереуілшілерді және Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовты сабырлыққа шақырды.
Мәскеуде Жеңістің 60-жылдығына арналған үлкен әскери парадқа дүниежүзінен елуден астам мемлекеттің басшылары келмекші. Оған қатысатын АҚШ президенті Джордж Буш жұма күні ұзақ және дипломатия жағынан күрделі сапарын бастады. Сапар мақсаты – фашизм және коммунизмнің күйреулерін қатар атау.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығының кейбір елдерінде экономикалық өсуге сай қоғамдық реформалар жүрмей жатыр. Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қоры осындай сипаттағы баяндамаларын жариялады.
Дүниежүзінде қатары бір миллиардқа жететін Рим католиктерінің қауымдастығы жұма күні Рим папасы Екінші Иоанн Павелді соңғы сапарға шығарып салды. Рим шіркеуін 26 жыл бойы басқарған Рим папасы өткен сенбі күні 84 жасында ұзақ науқастан кейін қайтыс болған. Жұма күні Рим қаласында өткен жерлеу рәсіміне екі миллион мен төрт миллион арасында адам келіп қатысты делінеді.
Қырғызстандағы толқу 24 наурызда шарықтау шегіне жетіп, оппозицияны қолдаған халық президент Асқар Ақаевтың бас кеңсесін басып алды. Президент Ақаев елден кетіп қалғаны хабарланды. Бас министр Николай Танаев қызметінен кетті. Билік оппозицияға өтіп жатыр.
Қырғызстанда билікке наразы жұрт көтеріліп, 24 наурызда президент Асқар Ақаевтың сарайын басып алып, түрмеде отырған оппозиция басшысы Феликс Құловты азат етті. Құлов қолма-қол Бішкекке келіп, теледидар арқылы халыққа үндеу жасады. Әлем ақпарат бұлақтары Қырғызстанда демократиялық революция болды деп сипаттап жатыр.
Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучма биліктен күні кеше кеткен соң қоғам назарынан тез арада шығып қаламын деп үміттенуі мүмкін. Алайда оппозицияда болған оның кешегі саяси қарсыластары Кучманы қылмыстық жауапкершілікке тару керек деп мәселе көтеріп жатыр.
Бүгінгі күннен бастап Киото хаттамасы деген халықаралық құжат күшіне кірді. Қарама-қайшы пікір туғызып отырған бұл келісімге 140-тан астам мемлекет қосылды. АҚШ және Австралия келісімге қол қоймады.
Ливанда бұрынғы бас министр Рафик Хариридің қазасы байланысты үш күн аза тұту жарияланды, әскер жоғары сақтық дайындығына келтірілді. Харири кеше Бейрутта бомбалық шабуыл барысында қаза тапты. Бұл шабуылда кемінде тағы 11 адам мерт болды.
Чехия астанасы Прага қаласында Арқалық көшесі бар. Бұл көшенің атауы Қазақстан солтүстігіндегі Арқалық қаласының құрметіне қойылған.
Оңтүстік Азияда цунами апатынан зардап шеккен елдерге әлем қауымдастығы шамамен екі миллиард доллар сомасына көмек көрсетуге уәде етті. Соңғы үлкен апаттардағы жағдай көрсетіп отырғандай, нақты көрсетілетін көмектің көлемі уәде етілгеннен екі есе, тіпті оданда аз болып қалады.
Бейсенбіде Индонезия астанасында оңтүстік-шығыс Азияда цунами апатына тап болған елдердің басшылары кездесетін болды. Еуропа одағы жиынға жоғары дәрежелі делегация жолдап, апат аймағына 240 миллион еуроның жәрдемін бермек.
Жергілікті тәуелсіз журналист Жұмат Әнесұлы Арқалық қаласының одан ары құлдырауына қала әкімі Жомарт Түбекбаев кінәлі деп зерттеу мақала жазды «Жас Алаш» газетінде 28 қазан күні. Әкім айтылған сынды жеке намысымды қорлау деп қабылдады да журналисті сотқа берді. Республикалық «Жас Алаш» газеті сотқа тартылған жоқ, автор ғана жазалау алдында тұр. Соттың алғашқы мәжілісіне әкім өзі келді, мұндай адамдардың сазайын тартқызу керек, журналист үш жыл түрмеге отырғызылсын деп талап қойды.
Украина еліндегі текетірестің созылғанына, міне, екі аптадай болып қалды. 21 қараша күні өткен президент сайлауының екінші кезеңі саяси дағдарысқа әкеп соқты. Украина жоғары соты президенттік сайлау нәтижелеріне оппозиция наразылығын қарап, енді үкім шығарып қалар деп күтіліп отыр.
Украина шығысында орыстілді халық жасайтын аймақтар мен Украинаның негізгі тұсы арасында бір қатар экономикалық, тілдік және мәдени өзгешелік бар. Ел шығысындағы жергілікті әкімдер мен жергілікті кеңестер яғни мәслихат типтес билік орындары Украина басшылығына оппозиция келетін болса – автономия құрамыз, Украина астанасымен басқаша қатынас орнатамыз деп қорқытып отыр. 21 қараша күні өткен президент сайлауының екінші кезеңі саяси дағдарысқа әкеліп еді, енді ел тұтастығына қауіп төнді.
Украина елінің көтерілгеніне, міне, екі аптадай болып қалды. Дағдарыстың заң жағынан шешілуі жоғары соттың қолында. Еуропа Одағы Украинада сайлаудың екінші турын қайта өткізген жөн дейді, тіпті қаржы шығындарына да көмек көрсетпек.
Тағы