Ирақта кепілдікте отырған екі италияндық әйелдің аман-есен елге оралуы Италия үшін үлкен қуанышқа айналды. Үш аптадай соғысушылардың қамауында отырған Симона Пари және Симона Торетта бізді ешкім ұрып-соққан жоқ, бірақ көзіміз үнемі байлаулы болғандықтан үрейде болдық, бізді қамауда ұстаған адамдардың бет-жүзін көрген жоқпыз дейді. Бір емес, екі соғысушы тобы италияндық әйелдерді өлтірдік деп жариялағанымен, бұл мәліметке Италия үкіметі кезінде сенбеген. Алайда италияндықтардың шексіз қуанышы ақшаға сатып алынды деген кейбір мәліметтер пайда болды.