Қазір ана болғысы келетін, бірақ табиғи жолмен бала көтере алмай жүрген әйелдердің балалы болуына көмектесетін жолдар көп. Ол үшін олардың көп қаржы шығындамауына да болады. Бірақ бұл барлық елде бірдей осындай арзан қызмет екен деп ойлауға болмайды. Мәселен, АҚШ пен Батыс Европадан көптеген ерлі-зайыптылар осындай мақсатпен Ресей, Румыния, Оңтүстік Африка сияқты елдерге сапар шегеді. Бұл елдерде әйелді жасанды жолмен ұрықтандыру - олардың өз елдеріндегіден екі еседей арзанға түседі екен. Десек те, Азия мен Таяу шығыс елдерінен Америкаға барып, бала көтеру мүмкіндігін тексеріп, емделетін болашақ ата-аналар да аз емес.