Бірнеше ондаған жылдар бойына Орта Азия елдерінің ішінде Қырғызстанда орыстарды өте жақсы қабылдап келген еді. Тек осы жылдың наурыз айында президент Асқар Ақаевтың билігін құлатқан революциядан кейін, қырғыз елінен орыстардың үдере көшуі байқалды. «Азаттық» радиосының тілшілері орыстардың Қырғызстаннан жаппай көшуіне не себеп және олардың кетуіне қырғыздар қалай қарайды деген мәселені зерттеп, талдап көрген еді.
Қауіпсіздік кеңесі алдында сөйлеген сөзінде БҰҰ-ның өкілі Жан Арно Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында шабуылдардың көбейіп тұрғаны сайлауға қауіп төндіреді деп атап көрсетті. Ал көршілес жатқан елдердің өкілдері мен ауған жерінде жасақтары тұрған елдер дауыс берулер кезінде Ауғанстанда тұрақтылықтың орнауына көмектесеміз деп уәде еткен болатын.
Путин өзіне билік басында тағы бір мерзімге қалу мүмкіндігін беретін өзгерістерді Конституцияға енгізу жағдайын қарастырмаймын деп, бұл тұрғыда айтылып жүрген қаңқу сөздерді жоққа шығарып келеді. Ал оппоненттері Путиннің сөзі мен алған бағытында алшақтық болмас үшін түрлі қимыл-әрекеттерге кірісіп кетті.
Мұнай бағасы шарықтаған сайын, мұнайға деген әлемдік талап, сұраныс ұлғайып барады. Осы аптада Нью-Йорк биржасында шикізат бағасы барлық кездегіден де асып, рекордты шегіне жетіп, бір баррель мұнайдың құны 59 долларға барды.
Ресейдің батысындағы Смоленск қаласының соты радиожурналист Николай Гошконы жала жапқан деп тауып, бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Украинада Чернобыль апаты аймағындағы ауылдардың тұрғындары өмірлеріне қаншалықты қауіп-қатер төнсе де туған жерінен кеткілері келмейді.
Сенбі күні Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов пен Ауғанстан президенті Хамид Қарзай АҚШ қаржыландыруындағы көпір құрылысының алғашқы тасын қалады.
АҚШ сенаторлары Джордж Буш әкімшілігін Солтүстік Кореяға байланысты көзқарасты өзгертуге шақырды.
Ирақ премьер-министрі Ибрахим әл-Жаафаридің жоғары кеңесшісінің айтуынша, Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусейнге 12 айып тағылмақ.
Жексенбі күні аталып өткен Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні Ресейдегі табиғат қорғаушы "жасылдар" жаңа партия құрды. Жасылдар одағының құрылтай сьезі Мәскеу маңындағы Корорлев қаласында өтті.
Әндіжанда қаза тапқандарды жерлеу кезінде бейіт басына Азаттық радиосының тілшісін алып барған адамды белгісіз біреулер өлтіріп кетті.
Мұндай келісіме келгендері туралы Мәскеу мен Тбилиси дүйсенбі күні жариялады. Сөйтіп, 1999 жылдың желтоқсанында Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Мәскеудің бұрынғы Совет одағының иелігінде болып келген Оңтүстік Кавказдағы барлық төрт базаны босатуын талап еткенде бастау алған айтыс-тартыс шешілді деуге болады.
Адам хұқтары топтары өткен аптада Өзбекстанда болған ереуілдер мен толқуларды үкімет күштері қан төгуге барып, аяусыз басып-жаншыған соң, ел ішінде енді тұтқындаулар жаппай етек алғанына алаңдаушылық танытып отыр. Олар қақтығыстардың ізін ала басталған тұтқындаулар адам хұқтары белсенділерін тұншықтыруға бағытталып отыр дейді.
Ауғанстан президенті Хамид Қарзай мен АҚШ президенті Джорж Буш өз елдері арасындағы "стратегиялық әріптестік" туралы құжатқа қол қойды.
Британия парламентінің депутаты Джордж Галлоуэй «Азық-түлік үшін мұнай» бағдарламасы бойынша өзін ақтауға тырысып, американдық сарапшыларға кінә артты.
Өзбекстанда үкімет күштері мен ереуілшілер арасында қақтығыстар болған өткен аптадан бері Орта Азия елдерінің билік басындағылары мұндай толқулар үшін исламдық топтар айыпты деп мәлімдей бастады. Мұндай мәлімдеулер Ташкентпен қатар, Бішкек, Душанбе, Мәскеу тарапынан да естілді.
Елдің бірқатар провинцияларында шерулер жалғасып жатқандықтан, Ауғанстанның қауіпсіздік күштері мен армиясы әскери дайындық сапына келтірілді.
Өзбекстанның шығысындағы Әндіжан қаласында жұмаға қараған түннен қауіпсіздік күштерімен басталған қанды қақтығыстардан бір күн өткеннен кейін өзге бірқатар қалаларда ереуілдер жалғасты.
Гуантанамода қасиетті Құран аяқасты етілді деген хабарларға байланысты Ауғанстанда антиамерикалық наразылық шерулері жалғасып жатыр.
Өзбекстан үкіметі Әндіжандағы түрмеге шабуыл кезінде 9 адам опат болып, 34 адам түрлі жарақат алған деген ресми ақпарат таратты.
Тағы