Accessibility links

"Z" таңбасы бар әскери техника. Мариуполь қаласы, 16 сәуір 2022 жыл.
"Z" таңбасы бар әскери техника. Мариуполь қаласы, 16 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыста 11-17 сәуір арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

17 сәуір - Украинадағы соғыстың 53-күні. Негізгі ақпараттар:

  • Ресей әскері Украина қалаларын атқылауды доғармады. Украина қарулы күштерінің хабарлауынша, Ресей Харьков маңындағы әскерін көбейтуге тырысып жатыр. Жаңадан түсірілген спутник суреттері әскери техникалардың Харьков облысы Липчановка елді мекенінде шоғарланғанын көрсеткен. Техниканың біраз бөлігі Изюм қаласына қарай жол тартқан.
  • Ұлыбритания қорғаныс министрлігі Ресей Украинадағы соғыста тактикасын өзгерткенмен мақсатын өзгерткен жоқ деп мәлімдеді.
  • Қоршауда қалған "Мариупольдегі украин күштерінің қазасы Ресеймен келіссөзге нүкте қоюы мүмкін". Украина президенті Владимир Зеленский осылай деп мәлімдеді.
  • Ресей Мариупольдегі украин күштеріне берілуді ұсынды.
  • Журналистер "Москва" крейсерінде қаза болған теңізшінің аты-жөнін анықтады.
  • БҰҰ мәліметінше, соғыс басталғалы бері 5 млн адам Украинадан босып кеткен. ​
  • Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Ресей басқыншылығы басталғалы бері шамамен үш мың украин жауынгері опат болып, он мыңы жараланғанын айтты.
  • Ресей Ұлыбританияның бірқатар саясаткерлеріне елге кіруге тыйым салды.
  • Пентагонның айтуынша, ресейлік "Мәскеу" крейсері Украинаның екі зымыраны түскеннен кейін суға батқан.

4,5 млн украиналық бала босқынға айналды - ЮНИСЕФ

БҰҰ балалар жөніндегі қоры – ЮНИСЕФ есебінше, соғыс басталғалы Украинадағы 7,5 млн баланың 4,8 млн бала үйін бастап кеткен.

"31 жыл гуманитарлық қызметте жүрмін, бұл аралықта мұндайды көрмедім" деді ЮНИСЕФ басшысы Мануэль Фонтен.

БҰҰ соғыста кемі 142 бала қаза тапқанын, бұл сан әлдеқайда көп болуы мүмкін екенін айтады.

Алдағы екі-үш аптада Украина шығысында шайқас күшейеді

Бұл туралы 12 сәуір күні Ұлыбритания қорғаныс министрлігі соғыс туралы күнделік сараптамасында хабарлады. Министрліктің барлауына қарағанда, Ресей Беларусьтен әскерін әкетіп, оны Украинаның шығысына қарай шоғырландырып жатыр. Қазір шайқас Украинаның Донецк және Луганск облыстарында жүріп жатыр. Ресей күштері Херсон, Николаев және Краматорск қалалары бағытында шабуыл жасап жатыр. Өткен аптада Краматорскіде адам толы вокзалға зымыран түсіп, елудан астам бейбіт азамат қаза тапқан.

Украина вице-премьері Ирина Верещук Мәскеумен гуманитарлық дәліз бойынша келісім болғанын, ол бойынша 12 сәуір күні 9 дәліз іске қосылатынын айтты. Мариуполь, Бердянск, Энергодар, Лисичанск, Попасный және Рубежный қалаларынан шығу жолы ашылады

Дүйсенбі, 11 сәуір күні гуманитарлық дәліздер арқылы Украина қалаларынан 4354 адам эвакуацияланды. Олардың арасында Мариупольдің 556 тұрғыны бар деді Верещук.

Украина шығыс облыстарының басшылары тұрғындарды эвакуациялануға шақырып жатыр.

Украина әскері мен Батыс барлауының айтуынша, Ресей жақын арада Украинаның шығысына үлкен күшпен шабуылдамақ. Мәскеу Беларусьтегі әскерін Украинаның шығысына қарай шоғырландырып жатыр.

Финляндиялық Nokia компаниясы да Ресейден кетеді

Бұл туралы компанияның бас директоры Пекка Лундмарк мәлімдеді.

"Nokia Ресей нарығынан кетіп жатыр, бірақ бұл – қаржы тұрғысынан болашағымызға әсер етпейді" делінген компания баспасөз хабарламасында.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG