Канада премьер-министрі де "геноцид" сөзін қолданды
Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Украинадағы болып жатқан оқиғаларды "геноцид" деп атауға болады дейді. Бұл жөнінде AFP агенттігі хабарлады. Ол Ресейдің Украинадағы әрекетін геноцид деп атаған АҚШ президенті Джо Байденнің пікіріне ұқсас ой айтқан.
"Көп адам Ресейдің, Владимир Путиннің әрекеттерін "геноцид" деп атап жатыр. Бұл дұрыс. Біз оны бейбіт тұрғындарға шабуылдан, жыныстық күш көрсетуді соғыс құралы ретінде пайдалану ниетінен көріп отырмыз. Оған жол беруге болмайды" деді.
Украинаның төрт облысында атыс жалғасып жатыр
Қазір Украинаның Донецк, Луганск және Херсон облыстарында кескілескен шайқас болып жатыр. Ал Харьков облысына да оқтын-оқтын шабуыл жасалып жатқаны да айтылды.
"Украинская правда" басылымы облыс әкімшіліктерінің басшыларына сілтеме жасап хабарлады.
"Мариупольде жағдай өзгеріссіз, қала блокадада, артиллерия және әуеден шабуылға ұшырап жатыр. Ресей қаладан адамдарды жібермей отыр" деп жазды басылым.
Киев Мариупольде украиналық теңіз әскерилерінің тұтқынға түскенін растады
Украина президентінің кеңесшісі Алексей Арестович Мариупольде украиналық теңіз жаяу әскерінің солдаттары берілгенін растады. Оның сөзінше, теңіз әскерилері артиллериялық шабуылға ұшырап, берілуге мәжбүр болған.
Арестович тұтқынға түскендер саны 1350 адам емесін, одан әлдеқайда аз екенін айтады.
14 сәуірде Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольде Украина теңіз әскерінің 1350 солдаты берілді деп мәлімдеген еді.
Бұған қоса, 14 сәуірде Ресей қорғаныс министрлігі Мариупольде тағы 134 украиналық әскери берілгенін мәлімдеді. Киев бұл мәлімдемеге қатысты ештеңе демеді.
Ресей қорғаныс министрлігі "Москва" ракеталық крейсері өртенгенін мәлімдеді
Министрлік "Қара теңізде "Мәскеу" ракеталық крейсеріндегі өрттен қару-жарақ қоры жарылып, кеме қатты зақымданды" деп мәлімдеді.
Ведомоства экипаж толық эвакуацияланған хабарлады. Зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.
Ал Украина билігі украиналық кемелерге қарсы "Нептун" ракетасы "Москва" крейсеріне шабуыл жасағанын, кеме қатты зақымданғанын айтады.
"Москва" Ресей теңіз флотының Қара теңіздегі флагманы және Қара теңіз флотындағы мықты крейсері саналады.
ПІКІРЛЕР