"Алматы маңындағы табиғаты қорғалатын, жасыл-желекті жерлерде заңсыз салынған үй-жайлар құлатылған жағдайда мүлік иелеріне өтемақы төлеу керек пе?" деген мәселе көтеріледі сенбі күнгі басылымдарда. Егер газеттердің бірінде Алматы қаласының бұрынғы әкімі, Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Виктор Храпуновтың жылжымайтын мүлік иелеріне өтемақы төлеу қажет деген мәселені көтергені айтылса, келесі басылымда Алматы қаласының қазіргі әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің 4 миллиард долларды мұндай мақсатқа жұмсау жөн емес деген пікірі жазылыпты. Оған қоса қытай-қазақстан шекарасындағы жағдай республикалық басылымдардың назарын аудартады.