Грузия президенті Эдуард Шеварнадзенің биліктен кетуі әлем саясаткерлері тарапынан, негізінен, қантөгістің алдын алған ақылды шешім ретінде сипатталып жатыр. Алайда, совет заманынан бері билікті иемденген Орталық Азияның басшылықтары Шеварнадзенің қимылын жақтырмай отыр. Ал барлық бес ортаазиялық мемлекетте алдығы 15 айда парламенттер қайта сайлануға тиіс. Грузиядағы демократиялық жаңару тепкімен келе жатқан оппозияциялық ұйымдарға жаңа леп беруі мүмкін.