Осыдан 25 жыл бұрын Music Television, яғни MTV алғашқы рет әуеге шығып, теле-бағдарламаларға өзгерістер енгізген болатын. Бүгінгі таңда MTV АҚШ-тың ең сәтті экспорттарының біріне айналып отыр. Қазір MTV бағдарламалары әлемнің 179 елінде шығуда. Мысалы Ресейдің MTV телеарнасын Ресей, Қазақстан және Қырғызстан елдерінде шамамен 30 миллион отбасы тамашалайды. Ал Украинадағы MTV арнасы осы жылдың соңына дейін 24 сағат бойы Украин тіліндегі бағдарламаларын әуеге шығаруды жоспарлап отыр. MTV, сондай-ақ, музыка мен сән салаларындағы кейде тіпті саясаттағы бағыттарды өзгертуге әрекет жасап жатады.