Зерттеуде мұсылмандар АҚШ-тың сыртқы саясатының кейбір аспектілеріне байланысты ашулы болғанымен, қарым-қатынастағы бірқатар дұрыс талпыныстар байланыстарды жақсарта түседі деп атап көрсетілген. Сөйтіп хабарламада саясаттың даулы, талас тартысты деген тұстарындағы келісе алмаушылықтар барысында екінші жақты көбірек тыңдап, қарапайымдау бағыт ұстану, екіжақты көмек және әріптестік жолдарына көбірек назар аудару ұсынылған. Сарапшылар тобы өткен аптада Нью-Йорк университетінде жиналып, АҚШ пен мұсылман елдері арасындағы екіжақты диалогты қайта жаңғыртудың мүмкін жолдарын жан-жақты талқылаған болатын.