Египет сайлау комиссиясы «дауыс беру барысында жүздеген заң бұзу болды» деген шағымдарды қайта қарап шығатынын айтып, 17 маусым күні өткен ақтық кезеңдегі президент сайлауының қорытындысын жариялауды кейінге қалдырды.
Осыған дейін «Египет сайлауының ақырғы қорытындысы бейсенбі күні шығады» деп хабарланса да да, 17 маусымда дауысқа түскен президент сайлауының екі кандидаты да өздерінің жеңіске жеткендерін алдын-ала жариялап жіберді.
Әуелі «Мұсылман бауырлар» қозғалысының үміткері Мохаммед Мурси «сайлауда 52 пайыз дауыс алғанын» хабарлаған. Одан кейін екінші кандидат, Мүбәрәк режимінің соңғы премьері Ахмед Шафиқ та «сайлауда 51,5 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткенін» мәлімдеген.
ЕКІ ҚАУІП
Египеттіктер сайлауда екіге жарылды. Бірі «Мұсылман бауырлардың» кандидаты Мохаммед Мурси жеңіске жетсе, елді исламшыл мемлекетке айналдырып, басқа дін өкілдерінің құқы шектеледі» деп алаңдайды. Тағы біраз жұрт «бұрынғы биліктің соңғы премьер-министрі Ахмед Шафиқтың билікке келуі Мүбәрәк билігінің жалғасы болар» деген екіұдай пікірде.
«Мұсылман бауырлар» қозғалысының қолдаушылары Каир орталығындағы Тахрир алаңына жиналып, «егер Шафиқ президент болса, Мүбәрәк режимі қайта жалғасуы мүмкін» деп, бұрынғы премьер-министрдің билікке келуіне қарсылық танытты.
«ҚОҒАМ НАЗАРЫН БАСҚАҒА БҰРУ»
Египет халқы сайлау нәтижесін күтіп отырғанда елді ұзақ жылдар басқарып, өткен жылғы халық толқуларында биліктен құлатылған Хосни Мүбәрәктің денсаулығына қатысты түрлі ақпараттар тарады. Өмірлік түрме жазасын алған 84 жастағы Хосни Мүбәрәк, соңғы хабарларға қарағанда, комаға түсіп, ес-түссіз жатыр.
«Мүбәрәктің денсаулығы туралы хабарлар жұрттың назарын басқа жаққа аудару үшін жасалған» дейді елді қазір басқарып отырған әскери кеңестің қарсыластары.
Ал «Мұсылман бауырлар» мұның бәрі өздерін билікке жақындатпау үшін әдейі жасалып отырған науқан деп есептейді.
Өткен аптада әскери кеңес «былтырғы парламент сайлаулары заңсыз өтті» деген жоғарғы конституциялық сот шешімінен кейін «Мұсылман бауырлар» қозғалысының мүшелері басым жаңа парламентті таратуды бұйырған.
Әскери билік сонымен қатар өзінің билік құзыретін күшейтетін конституциялық декларация қабылдады. Уақытша билік жаңа конституция дайындау үшін 100 мүшесі бар комиссия құруды да өз бақылауына алып, «жаңа конституция қабылданғанша елде парламент сайлауы өтпейді» деді.
«ӘСКЕРИЛЕР БИЛІКТІ ТАПСЫРУЫ КЕРЕК»
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон «Египеттің әскери билігі сайлауда жеңіске жеткен жеңімпазға билікті тапсыруы керек» деп мәлімдеді.
– Әскерилер Египет халқына берген уәдесін орындап, заңды жеңімпазға билікті қайтаруы керек. Біз әзірге кімнің жеңіске жеткенін білмейміз, бірақ әскери билік өз міндеттемесін орындауы керек, – дейді АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Ал «Мұсылман бауырлардың» мыңдаған жақтастары сәрсенбі күні де Тахрир алаңына шығып, әскери кеңестің билікті ұстап отырғанына наразылық танытты. Олар әскери билік кеткенше қарсылықтарын жалғастыра беретіндерін айтады.

Әскерилер Египет халқына берген уәдесін орындап, заңды жеңімпазға билікті қайтаруы керек.АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон.