Солтүстік Корея атом бомбасың сынағын расында да өткізген болса бұл осы елдің ядролық бағдарламасын тоқтатқысы келген бес мемлекеттің ұтылғаны емес пе? Кейбір сарапшылар Солтүстік Кореяға сөз салып келе жатқан Қытай, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея және АҚШ ұтылды дейді. Бұл жерде әсіресе Қытай ұтылды, себебі Қытай Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ирге қаржылай көмек беріп келді, саяси көмек беріп келді делінеді. Бірақ америка дипломатиясының ардагері, АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Джеймс Лиллей бұл мәселеде халықаралық қауымдастықтың мүмкіншілігі әлі мол дейді.