Тәжікстанда қараша айында президенттік сайлау өтеді, сайлау қаншалықты әділ болады деген күмән көбейіп келеді. Тәжікстанда сегіз тіркелген партия болса олардың үшеуі сайлауға қатыспаймыз дейді. Тәжікстанның ең мықты оппозициялық партиясы – Ислам қайта дәуірлеу партиясы сайлау науқаны бұрмаланып жатыр, сайлауға бойкот жариялаймыз деді. Оппозициялық партия президент Эмомали Рахмонов заңды белден басып, жоғары билікке қайтадан өтіп кетпекші деп наразы. Дегенмен, Рахмоновқа бәске құрамыз дегендер де табылды.