Өзбекстанда азаматтарды “президентке тіл тигізді” деген айыппен түрмеге жабу жиіледі. Ташкент билік сыншыларын тағы қалай жазалайды?
Үкімет отставкаға кеткен соң екі күннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі басты проблемаларды тізіп сөйледі. Оларды шешу міндеті жаңадан тағайындалған премьер-министр Олжас Бектенов пен оның командасына жүктеледі.
Ресей президентін "биоробот", өзін Қырғызстанның "жаңа құдайы" деп атаған, "қыс болмайды" деп болжаған Арыстан Абдылдаев немесе Арыстан Алай 5 қаңтарда түрме асханасында асылып өлді деп хабарланды. Ол – президент Садыр Жапаровтың тұсында қамауда көз жұмған соңғы белсенді.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара мәселесі әскери қақтығысқа себеп болып, кейінгі жылдары қос тараптан ондаған адам қаза тапты. 2023 жылы даулы шекарада тыныштық орнады деуге болатын сияқты. Қос тарап та мәселені шешу үшін ұзақмерзімді келісім жасаймыз деп отыр.
Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің құрметіне салынған қаламен аттас "Арқадағ" футбол командасы жоғарғы лиганың жеңімпазы атанды. Бұл – Орталық Азия үшін жаңалық емес.
Қырғызстанда қауіпсіздік қызметі қылмыстық авторитетті атып өлтірді, Өзбекстанда “өкіл әке” тұтқындалды. Сарапшылар қос мемлекеттегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы науқанның нәтижесі біраз жылдан кейін белгілі болады дейді.
Қазақстанда күйеуінің қолынан қаза тапқан тағы бір әйелдің өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Іле-шала депутаттар тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы заң ережесін қатаңдатуға кірісті. Мемлекет бұл мәселеде әйел құқығын қорғайтын топтармен бірлесе отырып жұмыс істеудің орнына, олардың қызметіне кедергі жасады. Мұндай қарқынмен елде әйел қауіпсіздігі күшейе ме?
Тағы