Тбилиси қыркүйектің 27-де тыңшылық жасады деген айып күдігімен ұсталған Ресейдің төрт офицерін босатқанына қарамастан, Ресей Грузиямен арадағы барлық көлік және пошта байланыстарын жауып тастады. Ресей өздерінің бұл шешімдері Грузия басшылығына бағытталған дейді. Дегенмен де, мұндай әрекеттерден зардап шегетіндер қарапайым грузин азаматтары болатын түрі бар, өйткені көптеген отбасылары Ресейде жұмыс істеп, ақша табатын туыстарынан қаржы ала алмай қалуы мүмкін.