Сәрсенбі күні түнде, Қырғызстан Жоғорғы Кеңесінің депутаты, кәсіпкер Баяман Еркінбаевты Бішкектегі өз үйінің жанында белгісіз біреулер атып кеткен. 38 жасар депутатқа осыдан 5 ай бұрын да қастандық жасалып, ол жолы аман қалған еді. Осы жылдың басында президенттіктен үміткер болған Еркінбаевтың оңтүстік Ош аймағындағы қылмыстық топпен байланысы болды деген жорамал бар. Ол маусым айынан бері өлтірілген екінші депутат, оның өлімі Қырғызстан омбудсменінің елде тапсырыспен кісі өлтіру оқиғалары көбейіп кетті деп ескерткеннен кейін орын алып отыр. Ал, бейсенбі күні таңертең Президен Құрманбек Бакиев пен премьер министр Феликс Кулов, елдегі күш-қуат құрылымдарының басшыларын жинап, осы оқиға бойынша төтенше кеңес өткізді.