Мерзімді баспасөз беттерінде үкіметтің кезекті отырысында Министрлер кабинетінің басшысы Даниал Ахметовтің «Тұрғын үй құрылысы» бағдарламасына орай әріптестеріне шүйліккені кеңінен сөз болады. Мәселен, газеттердің бірі премьер бағдарлама жүзеге аспай қалса, үкіметтің отставкаға кетуі мүмкіндігін астарлап жеткізді десе, келесі бір басылым Білім министрінің ғана үкімет басшысынан жоғары баға алғанына назар аударыпты. Алайда, Білім министрінің премьерден жылы лебіз естуіне мүмкіндік берген Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы кейбір басылымдардың көңілін көншітпей отыр.