Ауған үкіметі бүгін (сейсенбі күні) есірткіге қарсы арнайы конференция өткізіп жатыр. Жиын барысында есіркті өндірісіне қарсы жаңа шаралар жарияланбақ. Бұл екі арада, Батыс және Ауған ресми қызметкерлері биылғы жылы Ауғаныстанда көкнәр өсіру былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 40 пайызға өскенін айтып, алаңдаушылық білдіріп отыр. Есірткі өндірісі елдің оңтүстігіндегі Хелманд қатарлы уәлаяттарда күрт өскен. Қарулы қақтығыстар жиі орын алатын бұл аймақтарда ресми үкімет көкнәр өскен алқаптарды жою шараларын тиесілі дәрежеде жүзеге асыра алмай отыр.
Ауған İшкі İстер министрлігінің екі саяси партияны тарату жөніндегі ұсынысы дала қолбасыларының билігіне құрылған жүйені ел үкіметінің ауыздықтауға тырысқан алғашқы қадамы болуы мүмкін. Дала қолбасылары ретінде аты мәлім болған Абдул Рашид Достум мен генерал Абдул Мәліктің бұл екі партиясын қолдаушы топтар Ауғаныстанның солтүстік бөлігінде жылдар бойы өзара соғысып келеді. Ауған İшкі İстер Министрі Зарар Ахмад Моқбел олардың бұл саяси басбұзарлығына шыдар төзім таусылды деп мәлімдеді.
Жексенбі күні Иранда қысқа қашықтыққа ұшатын жаңа зымыран сынақтан өткізілгені туралы хабар таратылды. Осының қарсаңында ғана Иран жаңа қорғаныс доктринасын енгізудің алғашқы шарасы ретінде кең көлемді әскери жаттығу ойындарын бастаған болатын. Бұл әскери шаралар Иранның ядролық бағдарламасына байланысты Батыс елдерімен арадағы шиеленіс ушығып тұрған сәтке сай келіп отыр.
Демократиялық реформаларға Орта Азияда бет түзеп отырған жалғыз мемлекет ретінде Қырғызстан Европа Одағынан мадақтау сөздерін естіп отыр. Сейсенбі күні Брюссельде болған отырыс кезінде Европа Одағының жоғары дәрежелі ресми қызметкерлері Қырғызстандағы жағдайды ерекше атап өтті. Алайда, жеке жағдайда кей Европалық дипломаттар Қырғыз елі алдында әлі талай асып өтер белес тұрғанын да айтты. Аталмыш отырыста Европа Одағы Қырғызстанға кең көлемді жәрдем көрсететінін хабарлады. Сондай-ақ,екі жақтың өкілдері Қырғыз Президенті Құрманбек Бакиевтің қазан айында Брюссельге келетінін жариялады.
Ауған үкіметінің İзгілікті Насихаттау және Күнәкарлықтан Сақтану бөлімін құру жөніндегі ұсынысы қарапайым ауғандықтар мен адам құқығын қорғаушылар арасында үрей мен алаңдаушылық тудырып отыр. Олар мұндай жоспар Талибан кезіндегі дәл осылай деп аталған министрлікті еске салатынын, ал Талибан кезіндегі ол министрлік дін және жүріп-тұру ережелерін күштеп енгізгенін ескертуде. Алайда Ауған ресмилері жаңа бөлім Ислам тәртібін қоғамда насихаттау барысында күш қолданбайтынын айтып отыр.
Сейсенбі күні Үндістанның ірі қаласы Мумбайда болған лаңкестік оқиғаларды әлем жетекшілері қатаң түрде айыптап отыр. Полицияның хабарлауынша, қала маңына қатынайтын пойыздар мен темір жол бекеттерінде болған бірнеше жарылыс кезінде 190-ға тарта адам құрбан болып, 600-дей кісі жарақат алған. Бұл әрекеттер үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ.
Орта Азия елдерімен арадағы қарым-қатынаста Батыс ұйымдарының әрдайым ерекше назарға алып келген тақырыбы бұл аймақтағы баспасөз еркіндігі болып келді. Орта Азия елдерінің жетекшілері үкімет пен ресми орындарды сынауға мүмкіндік беретін еркіндікті мүмкін болғанынша шектеуге тырысып бағуда. Европадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ)-ның Орта Азия аймағындағы әрекеттерінің бір парасы осы еркіндіктің қалайша жүзеге асып жатқанын бақылау. Азаттық радиосы бұл тұрғыда ЕҚЫҰ-ның баспасөз еркіндігі бойынша өкілі Миклош Хараштимен сұхбат өткізген болатын.
Ресми Кремль бұған дейін кез келген мәселеде әрдайым өз күшіне ғана сенумен келген еді. Алайда шілде айында өтетін Үлкен Сегіздіктің Мәскеудегі жиыны қарсаңында Ресейге деген әлемдегі көзқарасты біраз жақсарту мақсатында ресми Кремль алғаш рет шетелдік ПиАр компаниясын жалдап отыр.
Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі күні Қытайға сапарын бастады. Сапар барысында көрші "екі алыптың" арасындағы байланыстарды одан әрмен бекіте түсу көзделіп отыр. Екі ел жетекшілерінің кездесуі сыртында, Путин Қытайдағы Ресей жылын ашатын мәдени фестивальдың тұсаукесеріне де қатыспақ. Алайда, дипломатиялық бояулардың сыртында, Ресей Президентінің Қытайға сапарының геосаяси тұрғыдағы мәні қандай?
Жыл сайын адам саудасының құрбанына айналатын адамдар санын нақты білу мүмкін емес. Халықаралық Миграция ұйымының есептеріне қарағанда, жылына 4 млн адам осы адам саудасының құрбанына айналады екен. Бұл көлеңкелі бизнеске шамамен 8-10 млрд доллар табыс әкеледі. Аталмыш ұйымның мамандары соңғы жылдары Орта Азиялық азаматтардың да адам саудасы құрбанына барған сайын көп айналып отырғанын хабарлауда. Және бұл тұрғыда Қазақстан Орта Азия елдері үшін адам саудасының орталығына айналып барады.
Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде қалыптасып отырған шиеленіс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде сөз болғалы отыр. Қауіпсіздік Кеңесінің бес тұрақты мүшесі бүгін Нью Йоркта тағы да кездесіп, Иранға ескерту айтылатын ортақ құжат мәселесін талқыламақ. Бұл құжат БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қашан қабылданатыны нақты белгілі болмай тұр. Алайда бақылаушылардың сөзінше, мұндай құжат осы үстіміздегі аптада да қабылдануы мүмкін.
Бұрынғы Югославия Президенті Слободан Милошевичтің неден қайтыс болғанын анықтау ісіне Голландиялық патологтардың арнайы тобымен қатар Сербиялық дәрігер маман да қатыстырылып отыр. Милошевичтің мәйіті сенбі күні таңертең Голландиядағы БҰҰ-ның айыптыларды ұстау орталығындағы түрме камерасында табылған болатын. Халықаралық сотта ол соғыс қылмыстары мен геноцид айыптары бойынша жауапқа тартылып жатқан еді.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Иран ядролық бағдарламасына орай Американың алаңдаушылығын тудырған кей мәселелерге орай түсініктеме берді. Ресей Иранға қажет уранның негізгі бөлігін өз жерінде байытып, болмашы бөлігін Иран жерінде байытуға келісіп отыр деген хабарды ол сейсенбі күні Американдық әріптесі Кондолиза Райспен бірге Вашингтонда өткізген баспасөз мәслихатында теріске шығарды. Баспасөз мәслихаты барысында Ресей мен Американ сыртқы саясат мекемелерінің жетекшілері Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінде, сондай-ақ тағы да бірқатар мәселелерде, ресми Вашингтон мен Мәскеу ортақ көзқарас танытып отырғанын тағы да растағандай болды.
Жексенбі күні Бежіңде жыл сайын өтетін Қытай Ұлттық Халықтық Конгресі өз жұмысын бастады. Жиынды Қытай үкімет басы Уэн Жиабао ашып сөз сөйледі. Өз сөзінде ол әлеуметтік теңсіздікті ауыздықтау және ауылды жерлерде тұратын 800 млн халықтың жағдайын жақсарту қажеттігі жөнінде сөз қозғады. Қытай үкіметбасының сөзімен айтқанда "жаңа социалистік ауылды" дамыту ісіне үкімет 2006 жылы 42 млрд доллар бөлетін болды.
Әлем елдері құс тұмауы дертіне қарсы күрес шараларын ерекше күшейтуде. Грузия үкіметі елдің батысындағы Аджара аймағында бірнеше ауылдағы үй құсы атаулынының көзін жаппай жойып жатыр. Европа Одағы елдері мен Азияда құс тұмауы дертіне қарсы қатаң шаралар қолға алынды.
АҚШ Сенаты Сыртқы Байланыстар комитетінің кей мүшелері Американың Ирақ пен Иранға, сондай-ақ, палестиндықтарға байланысты саясатына орай Meмлекеттік Хатшы Кондолиза Райсты қатаң сауалдар астына алды. Президент Джордж Буштың Республикалық партиясының мүшелері боп табылатын сенаторлардың өзі Буштың аймақтағы саясаты онсыз да күрделі жағдайды одан әрмен қиындатып жіберді деп, Райсқа сыни көзқарас айтумен болды.
Мұхаммед Пайғамбарды мазақ қылған карикатураларға орай мұсылман әлеміндегі наразылық шерулері одан әрі жалғасуда. Шеруге шыққандар Европа Одағы үкіметтері кешірім сұрауы тиіс деп талап етсе, бұл мемлекеттердің ресми өкілдері өз елдеріндегі баспасөзді қадағаламайтынын әлем түсінуі тиіс деп отыр.
Иранда тұратын еврейлер қауымдастығының жетекшісі Хароун Яшаяей ел президенті Махмуд Ахмединежадқа оның Холокост болмады деген сөздеріне орай хат жолдады. Өз хатында Иран еврейлерінің жетекшісі мұндай мәлімдеме халықаралық қауымдастықты абыржытқанын, ал Иранда тұратын шағынсанды еврей қауымдастығы арасында үрей тудырғанын атап көрсетіпті.
Интернетте қызмет көрсететін Google компаниясының цензура мәселесінде Қытай үкіметімен ынтымақтастыққа баруына орай туындаған жанжал жалғасып отыр. Өткен айда Қытай үшін интернеттегі ізденіс жүйесін орнатқанда Google компаниясы Қытай ресми орындары жарамсыз деп табатын кей материалдарды интернетте көрсетпеуге келіскен тұғын. Осы аптада Американ Конгресінде осы мәселеге байланысты өтетін тыңдауларға аталмыш компания өкілдері шақырылып отыр. Қалыптасып отырған жағдай әкімшіл-әміршіл билік жүйесі бар елдерде іскерлікпен айналысқысы келетін Батыс компанияларының алдынан шығатын басты проблеманы айқын көрсетіп отыр.
Палестин сайлауларында жеңіске жеткен Хамас тобын Мәскеуге шақырып, олармен келіссөз өткізу жөніндегі Ресейдің жоспарын Израиль қатты сын астына алып отыр. Израильдағы кей саясаткерлердің айтуынша, мұндай қадам Таяу Шығыс бейбіт келіссөздеріне қауіп төндіруі мүмкін. Алайда, Франция Ресейдің мұндай жоспарын қолдауы мүмкін екенін байқатып отыр.
Тағы