Диета адамның арықтауы үшін жақсы тәсіл емес. Осындай қорытындыны Лос Анжелестегі Калифорния Университетінің психологы Трэйси Манн жасады. Ол өзінің зерттеу нәтижелерін “Американдық психолог” деп аталатын журналда жариялады. Оған сәйкес, арықтағысы келіп диета ұстаған адамдар алғашқы айларда айтарлықтай салмағынан айырылған екен, бірақ олардың көбі бес жыл ішінде бұрынғыдан да бетер семіріп кетіпті. Бұған қоса, неше түрлі диета ұстаған кісілер денсаулықтарын құртып, жүрек ауруы мен диабет және тағы басқа дерттерге шалдығуы мүмкін, дейді Манн.