Бейжиндегі бір аптадай уақытқа созылған Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасы жөніндегі алты жақты келіссөздер алғашқы нәтижесін бере бастады. Ресми Пхеньян егер келіссөз жүргізуші әріптестерінен Солтүстік Кореяға жанар-жағар май көмегі берілетін болса, өзінің үлкен ядролық реакторын жауып, ақыр соңында ядролық бағдарламасынан бас тартуға келісіп отыр. Мұндай алғашқы келісімге Солтүстік және Оңтүстік, Құрама Штаттар, Ресей, Жапония мен Қытай делегаттарының келіссөздері барысында қол жетті.