Қарашаның 20-сында, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания еліне үш күндік ресми сапарын бастап, Лондонға келді. Онда Британия премьер министрі Тони Блэйр және үкімет мүшелерімен қауіпсіздік мәселелерін талқылайды, II-ші Элизавета патшайыммен кездеседі. Сонымен қатар, Қазақстан президентінің бұл сапарында, экономикалық ынтымақтастық мәселелерін де талқылап, Лондонның қаржы ауданын аралау да күн тәртібіне енгізілген. Екі жақты келіссөздер қатарында, энергия көзін алуға қатысты Британияның алаңдаушылығы мен Қазақстанға инвестиция салу мүмкіндіктері де бар.